ТАЕКВОНДОДАН (WT) АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

0
96

Іле ауданының орталығы – Өтеген батыр кентінде самбо күресінен Әлем чемпионы (1989, Нью-Йорк, АҚШ), әлем кубогының иегері (1988, Токио, Жапония), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Тастайұлы Шайхиевтың (1963-2000) атындағы таеквондо спорт клубының 15 жылдығына арналған таеквондодан (WT) Алматы облысының ашық біріншілігі өтті.

Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған дүбірлі додаға Қазақстанның әр аймағынан 7 мен 17 жас аралығындағы 300-ден астам жас спортшылар қатысып, барлығы 12 команда бақ сынады.

«Таеквондо олимпиадалық спорт түрі саналғандықтан Алматы облысында оған қызығушылық танытатындардың қатары аз емес. Айталық, біздің Асқар Шайхиев атындағы таеквондо спорт клубымызда 500-дей спортшы бар. Шүкір, клубтың осы 15 жылда жеткен жетістігі мен бағындырған белесі зор», – деп атап өтті Алматы облысының таеквондо (WTF) федерациясының вице-президенті, Асқар Шайхиев атындағы таеквондо спорт клубының басшысы Қайыр Қажи.
Әлемнің әйгілі шаршы алаңдарында ел намысын қолдан бермей, қазақтың қайсар мінезін танытып жүрген Қанат Ислам бастаған ұлт мақтаныштары мен қоғам қайраткерлері жастарға сәттілік тіледі.
Жарыс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, республикалық, халықаралық турнирлерге жолдама алды.

«QAZAQ»-АҚПАРАТ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here