СЕГІЗ ЖЫЛДА ЕЛДЕ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ҚАЛАЙ АРТАДЫ?

0
29

Қазір қазақстандық ер-азаматтар зейнетке 63 жасында шығады. Ал, әйелдердің жасы бірнеше жыл бұрын қабылданған заң бойынша кезең-кезеңмен ұлғайып, 2027 жылы ер-азаматтармен теңеседі. Сонымен, өткен жылы 1 қаңтарда зейнет жасын арттырудың
бірінші кезеңі болды (58,5 жас), екінші кезеңі биылғы жылдың 1 қаңтарында болды (59 жас). Осылайша, 2027 жылы қазақстандық әйелдер зейнетке 63 жасында шығады: 2020 жылы — 59,5 жас, 2021 жылы — 60 жас, 2022 жылы — 60,5 жас, 2023 жылы — 61 жас, 2024 жылы — 61,5 жас, 2025 жылы — 62 жас, 2026 жылы — 62,5 жас, 2027 жылы — 63 жас.

Негізінде заңнама бойынша кей қазақстандықтар зейнетке сәл ертерек шыға алады. Бұл норма Семей ядролық полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен елдімекендерде кем дегенде бес жыл (1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шіл-десіне дейін) өмір сүрген адамдарға қатысты. Яғни, осы өңірде тұрған ер-азаматтардың зейнет жасы – 50, ал әйелдердікі – 45 жас.
Сонымен қатар, бес және одан көп баланы сегіз жасқа дейін тәрбиелеп өсірген әйелдер 53 жастан зейнетке шыға алады.
Қазақстандық әйелдер 50 жасқа дейін зейнетақы қорында белгілі бір соманы жинап үлгерсе, зейнетке ерте шығуына мүмкіндігі бар.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here