ӘЛЕМДЕГІ 38 МЛН КҮРДТІҢ ӨЗ МЕМЛЕКЕТІ ЖОҚ

0
165

Күрд – Таяу Шығысты ежелден мекендеп келе жатқан ірі ұлттың бірі. Қазіргі таңда Түркия, Иран, Ирак пен Сирия елдері аумағында өмір сүреді. Бұл елдермен шектесетін Ауғанстан, Армения, Грузия мен Әзербайжанда да күрдтер көптеп кездеседі. Ал, әлемдегі күрдтердің саны 38 миллионнан асады. Осылайша, күрдтер өзінің жеке мемлекеті жоқ әлемдегі ең ірі халық саналады.

TOP-05: КҮРДТЕР КӨП ТҰРАТЫН ЕЛДЕР

Саны Мемлекет
18 000 000 Түркия
8 000 000 Иран
6 500 000 Ирак
2 500 000 Сирия
800 000 Германия

Күрдтер тәуелсіздігін алу үшін әр жылдары бас көтеріп отырды. Тіпті, соңғы жылдары да өздерін егемен ел ретінде жариялап, референдум өткізуге талпынды. Дегенмен, Ирак та, Иран да, Түркия да күрдтердің бұл ұсыныстарын қабыл алған жоқ. Бір сөзбен айтқанда, олар күрдтердің отау ішінен отау тігуіне немесе жерін бөліп, еншісін алуына түбегейлі қарсы.
Аталған аймақтардағы күрдтер өз жерлерін Күрдістан деп атайды. Өздерінің жеке мемлекеттік рәміздері бар. Медиа-холдингтері де жұмыс жасайды. Онға жуық телеарналары күрд тілінде хабар таратады.
Қазақстанда да күрд диаспорасы бар. Олардың саны 38 мыңнан асады. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында тұрады. Қазақ жерінде олардың тұра бастағанына да 80 жылдан асып барады. Ал, Ауғанстанда 200 мың, Әзербайжанда 150 мың, Ливанда 80 мың, Ресейде 63 мың, Ұлыбританияда 38 мың, Арменияда 32 мың, Израильде 32 мың, Грузияда 12 мың, Түркіменстанда 6 мың күрд тұрады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here