ҚАЗАҚ АУЫЛЫНДА ЕКІ ЖЫЛ ҰСТАЗ БОЛҒАН АҚШ АЗАМАТЫ

0
3915

Шәуілдір – Арыс өзені мен Д. Алтынбеков атындағы канал бойында орналасқан ауыл. Ауылдан академик, Халық Қаһарманы Мұхтар Әлиев, академик Рахманқұл Бердібай, Орта Азиядағы тұңғыш чекист, үш мәрте Қызыл Ту орденінің тұңғыш иегерінің бірі Абдолла Жармұханбетов, Түркістан АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Төрағасы Абылай Серғазиев, ақын-жазушылар Саттар Ерубаев, Көпен Әмірбеков, Әселхан Қалыбекова, Бекарыс Шойбеков сияқты көптеген атақты тұлғалар шықты. Түркістан облысының кез келген ауылындағыдай бұл жердегілер де мақта жинаумен күн көреді.

Джонатан екі жыл Шәуілдір ауылында жалғыз тұрды. Өйткені, ол кезде ата-анасы,
екі ағасы мен сүйікті қызы Флоридада қалған еді. Бастапқыда американдық
тұрмысты, үйреншікті тамақты, әсіресе кафе-барларды сағынғанын жасырмайды…

2009 жылдың тамызында Әлем корпусынан 22 жастағы ерікті Джонатан Рибел Флорида штатынан (АҚШ) Шәуілдір ауылына балаларға ағылшын тілін оқытуға келіп, 2011 жылдың тамыз айында еліне кері қайтқан еді. Бұл оның өз қалауы емес, өйткені Әлем корпусы өз адамдарын ең мұқтаж елдерге жібереді. Бір жыл ішінде қарапайым американдық жігіттің қазақ тілін жетік меңгеріп қана қоймай, ауылдағы өмірдің тұрмысына да үйренгенін voxpopuli.kz порталының фоторепортажынан да білген едік.
«Қазақ тілінің негізін Әлем корпусында меңгердім, ал дұрыс сөйлеуді ауылда үйрендім. Жергілікті тұрғындармен көбірек араласуға тырыстым, газет оқыдым, сондай-ақ маған тілді үйренуге жергілікті қазақ тілінің мұғалімі жақсы көмектесті», – дейді АҚШ азаматы.

Америкалық ұстаздың ерекше әрі қызықты әдісі өз нәтижесін берді. Бұл оқушылар енді ағылшынша қатесіз жазады, тәуір сөйлей алады

Джонатан екі жыл Шәуілдір ауылында жалғыз тұрды. Өйткені, ол кезде ата-анасы, екі ағасы мен сүйікті қызы Флоридада қалған еді. Бастапқыда американдық тұрмысты, үйреншікті тамақты, әсіресе кофе ішіп, ноутбукпен жұмыс істеуге болатын кафе-барларды сағынғанын жасырмады.

Әлбетте, қазақ ауылы мен американдық қала өмірінің арасы жер мен көктей
екені белгілі. Соған қарамастан Джонатан ел қатарлы өмір сүрді:
ағаш жарып, көмір тасып, пешті де жақты, суды да алыстағы құдықтан тасыды…

Әлбетте, ауыл мен американдық өмірдің арасы жер мен көктей екені белгілі. Соған қарамастан Джонатан ел қатарлы өмір сүрді: от жақты, суды алыстағы құдықтан тасыды.
«Тоңазытқыш, кілем мен жиһазды Асқар Шірдебаев деген жақсы досым әкеп берген еді. Мұның бәрін өзім сатып ала алмас едім. Әлем корпусы маған 30 мың теңге төледі, ол пәтер жалдағаныма, көмір, интернет, тамағым мен кеңсе заттарына кетті. Тұрғын үй болғанына қарамастан, онда не жылу, не су, не газ болмады. Мұндай жағдайда өмір сүруге үйрендім. Бәрін өзім істедім: от жақтым, суды тасып іштім. Маған күніне 4 шелек су жетті, моншаға аптасына бір рет барып тұрдым», – деп еске алады американдық азамат.

Бұған дейін от жағып көрмеген америкалық азамат екі жылда ауыл тіршілігімен жақсы танысты

Бүгінде Джонатан Рибел туып-өскен мекені – Флорида штатында тұрады. Алайда, Шәуілдір ауылында өткен екі жылдық өмірін сағынышпен еске алады. Өйткені, өркениетті ел – АҚШ-та тұрса да өркениеттен алыс болған Шәуілдірдегі ағайындардың қонақжайлылығын, кішіпейілділігін, адалдығын әсте ұмытуға болмайтынын айтты.

Редакциядан: Суреттер voxpopuli.kz порталынан алынды

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here