АВТОКӨЛІКТІ АЙЫП ТҰРАҒЫНА АЛЫП КЕТКЕНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

1
127

Көлігіңізді эвакуатор алып кетсе, бұған екі себеп болуы мүмкін, ол:
1. Сіз «Автотұраққа тыйым салынады» белгісіне тұрақтадыңыз;
2. Көлігіңізді мүгедектерге арналған ав-тотұраққа қойып кеттіңіз.
Қандай да бір іс-әрекетке бармай тұрып, +7 (727) 261-06-06 нөмірі арқылы Алматы қалалық Ішкі істер департаментіне қоңырау шалып, көлігіңіздің айып тұрағында бар-жоғын анықтап алыңыз.
Көлігіңізді айып тұрағына алып кеткен болса, сол жерге барып, көлігіңізді алып кеткен инспекторды күтіңіз. Инспектор келгеннен кейін Сізге айыппұл жазады, қарыздар базасын тексереді. Егер Сіз «таза» болсаңыз, тек осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлейсіз (кестеге қараңыз). Әйтпесе, осыған дейін жиналып қалған басқа да қарыздарды төлеуге тура келеді.
Айыппұлды төлегеннен кейін көлігіңізді алып кеткен ауданның әкімшілік полиция бөліміне барып, төлем туралы түбіртекті көрсетесіз. Олар Сізге көлікті қайтаруға рұқсат береді.
Ескеріңіз!
Егер Сіз эвакуациялау кезінде көлігіңізге оралып үлгерсеңіз, онда полиция қызметкерлері оны алып кетуге құқылы емес. Сізге айыппұл жазып беріп, босатуға міндетті.
Егер көлікті бәрібір алып кетсе, ҚР ІІМ-нің бірыңғай сенім телефоны – 1402 нөміріне хабарласып, қызметкерлердің заңсыз әрекеттері туралы хабарлаңыз.
Заң бойынша мына жағдайларда ғана көлігіңізді айып тұрағына алып кете алады:
• Көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзу;
• Көлікті құжатсыз басқару және көлік жүргізуге құқықтың болмауы;
• Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу;
• Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу;
• Жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамау;
• Құқық бұзушы (немесе іс жүргізуге қатысушы) құқық бұзушылық туралы істі қарайтын органға іс бойынша талқылауды кейінге қалдыруға себеп болған дәлелсіз себептермен бас тартқан немесе келмеген жағдайда;
• Орманда өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерді бұзғаны, орманды заңсыз кесу, браконьерлік, жайылымдар мен егістіктерге зиян келтіру, қорғалатын объектілерге заңсыз кіру және тағы басқа әрекеттер жасау;
• Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендердің болуы;
• Көлікті алкоголь немесе есірткі пайдаланып, мас күйде жүргізу, мастықты куәландырудан өтуден бас тарту.
Жол полициясы шетел азаматтарының автокөліктерін де айып тұрағына алып кете алады.

Әкімшілік құқық бұзушылық атауы

 

ӘкҚБК бабы Айыппұл (АЕК) Теңге
Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу 597-бап, 1-тарау 5 АЕК 12 625 теңге
Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сонымен бірге көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру 597-бап, 2-тарау 10 АЕК 25 250 теңге
Көлік құралдарын жолдың жүру бөлігіне тоқтатып, басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіру немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу 597-бап, 3-тарау 10 АЕК 25 250 теңге
Мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу 597-бап, 4-тарау 10 АЕК 25 250 теңге

Алматы қаласында орналасқан айып тұрақтарының мекенжайлары:
1. Рысқұлов даңғылы, 8;
2. Бродский көшесі, 63;
3. Бұқтырма, 2 г;
4. Рысқұлов даңғылы, 35 б;
5. Райымбек даңғылы, 487 а;
6. Райымбек даңғылы, 512 а.
Айта кетейік, тоқтауға және көлік қоюға болмайтын жерлерге, аялдамаға және жолдың жүріс бөлігіне көлік қоюға болмайтынын жадыңыздан шығармаңыз.
Көлікті қалдырып, «тез ораламын» деген тәуекеліңіз де айыппұл төлеуге себеп болуы мүмкін.

Дереккөз: Ақбота Ерболқызы, Baribar.kz

1 пікір

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here