ҮНДІСТАНДЫҚ МИЛЛИАРДЕР ӨЗ ЖҰМЫСШЫЛАРЫНА 1 200 КӨЛІК, 400 БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

1
321

Атымтай Жомарттардың ізі әлі түгесіле қойған жоқ. «Қолы ашықтың, жолы ашық» қағидасымен өмір сүретін қайырымды қалталы азаматтар аз емес. Өйткені, олар кең болса, кем болмайтынын жақсы біледі. «Мысал келтір» десеңіз, келтірейік…

7,7 млн доллар жұмсаған үндістандық миллиардер Савджи Дхолакия өзінің Hare Krishna Exports компаниясының 1 700 қызметкеріне Дивали мерекесіне орай қымбат сыйлықтар берді. Атап айтқанда, үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлерге 1 200 көлік, 400 пәтер және гауһар таспен көмкерілген жүздеген әшекей бұйым сыйлады.
Кәсіпкер қызметкерлеріне алғаш рет сый жасап тұрған жоқ. 2014 жылы компаниясында 5 500 адам жұмыс жасайтын миллиардер 1 200 қызметкеріне 200 пәтер, 400 көлік және 500 қымбат әшекей бұйымдар беріп, әлем миллиардерлерінің аузын айға бір-ақ қаратқан еді.
Біздің елде де шетелді мысалға алмай-ақ бір облысты асырай алатындай мүмкіндігі бар қалталы қазақтар көп қой. Көп болғаны да жақсы, әрине. Алысқа бармай-ақ, өзгелердің қалтасындағы ақшасын санамай-ақ, Forbes Kazakhstan ұсынған Қазақстандағы ең бай 50 адамның тізіміне зер салып көрелікші. Сол үздік елуліктің ақшасын қоссаңыз соңындағы нөлдерінен шатасасыз. Әрине, біздікі «Байдың асын байғұс қызғаныпты» дегеннің кері емес. Тек солар (тізімнің арасында меценат атанып жүрген оншақтысы бар, біз бәрін айтып тұрғанымыз жоқ) Савджи Дхолакия сынды «Кең болсаң, кем болмайсың» ұранын ұстанып, әр қайсысы туған өлкесіне, қарамағындағыларға қол ұшын созып тұрса, онда бүгінгідей тоз-тозы шыққан ауылдар, баспанасыз жүрген қазақтар көп болмас та еді ғой. Бұл – ақиқат!

1 пікір

Добавить комментарий для 2018 Belgium World Cup Jersey Жауапты белгілеу

Please enter your comment!
Please enter your name here