«БАЛУАН ШОЛАҚ» 11 СӘУІРДЕ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ

0
248

Алдағы 11 сәуірден бастап «Балуан Шолақ» фильмі республикалық прокатқа шығады. Көрермен көптен күткен фильм балуан өмірінің қай кезеңін қамтитынын, түсірілім барысында қандай қиындықтар кездескенін «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында режиссер Нұргелді Садығұлов айтып берді.
Режиссердің айтуынша, Балуан Шолақтың рөлін сомдаған актер Еркебұлан Дайыров 10-15 келі салмақ қосыпты. Балуанның тұлғасына барынша ұқсау үшін актер күрес үйірмесіне барып, тамақтану режимін қатаң сақтапты. Ал, фильм балуан бабаның өміріндегі бір ғана эпизодын қамтиды.
«Балуан Шолақ өмірінің ең маңызды кезеңін, яғни Сәбит Мұқанов жазып қалдырған, Мұхтар Әуезов театрында қойылып жүрген «Жаужүрек» пьесасында көрсетілетін оқиғаларды барынша қамтуға тырыстық. Ол жер дауына байланысты эпизод. Тарихта переселендерді (қоныс аударушыларды) орналастырып, қазақтарды өз жерінен қуған кезең болғаны белгілі. Фильмді де соған байланысты бейімдедік. Балуан Шолақты бұл ретте жай балуан немесе сазгер, әнші ретінде ғана емес, тұғырлы тұлға ретінде көрсетуге тырыстық. Дулат Исабековтың пьесасында оның бәрі қамтылған. Балуан Шолақтың жер дауы кезінде «Мен бұлай күліп-ойнап жүре алмайды екенмін» дейтіні бар. Сол көріністер фильмге арқау болды», – деді Нұргелді Садығұлов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here