«FLY ARYSTAN»-НЫҢ АРЗАН ӘУЕ БИЛЕТТЕРІ ОСЫ АЙДА САТЫЛА БАСТАЙДЫ

0
197

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған «Fly Arystan» бюджеттік әуе компаниясы 29 наурызда арзан бағадағы әуе билеттерін сатуды бастайды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

«2019 жылдың 29 наурызында әуе компаниясының коммерциялық рейстеріне билеттер сатылымы басталады. Қазақстанның «Fly Arystan» әуе компаниясы 2019 жылдың мамырынан бастап коммерциялық рейстерді орындайды. Әуе компаниясы Алматыдан Астана, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Тараз қалаларына күнделікті ұшатын болады. Жоспар бойынша бастапқы кезеңде компанияның әуе флоты «Эйр Астана» әуе компаниясының 180 орындық эконом-класты «Airbus A320» ұшақтарынан құралады. 2022 жылдың соңына қарай лайнерлердің саны 15-ке жетеді» делінген комитеттің хабарламасында.
Лоукост тасымалдағыштардың дәстүрлі әуе компаниялардың бизнес-моделінен айырмашылығы – шығындарды барынша азайтуы.
Әуе билеттерінің құнын арзан бағамен төмендетуге бірнеше факторлар арқылы қол жеткізіледі. Атап айтқанда, әуе кемелерінің жоғары сыйымдылығы, интернет арқылы билет сатып алу, әуе компаниясының жолжүк бағасын белгілеу құқығы, туристік агенттіктерге комиссиялардың берілмеуі, қосылыс рейстерінің болмауы, кемедегі бірыңғай орындықтар, әуе кемесінің минималды экипажы, әуе кемелеріне жердегі қысқа мерзімде қызмет көрсету, барлық қосымша қызметтерді (багаж, борттағы тамақ немесе кабинадағы орынды таңдау және т.б.) ақылы ету, жаңа әуе кемесінен тұратын ұшақ паркі, олардың барынша бірдей болуы мен электронды билетпен ғана қамтамасыз ету амалдары арқылы әуе билетінің құнын арзандату жоспарланып отыр.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында сол кездегі ҚР Индустрия және инфрақұрылым-дық даму министрі Жеңіс Қасымбек 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында төмен бюджетті «Fly Arystan» ұлттық әуе компаниясы іске қосылатынын мәлім еткен болатын.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here