«QAZAQ» ГАЗЕТІНДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕГЕ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ЖАУАП БЕРДІ

0
3284

«Qazaq» республикалық газетінің
бас редакторы
Жасұлан Мәуленұлына!

Қостанай облысының әкімдігі «Qazaq» газетінің ағымдағы жылғы 5 ақпандағы №05 (952) санында жас жазушы Елдос Тоқтарбайдың «Бейімбет Майлинді неге ұмыттық?» мақаласымен мұқият таныса отырып, келесіні мәлімдейді.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 25 тамыздағы «2019-2021 жылдары өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы» №228 бұйрығына сәйкес 2019 жыл қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойы болып бекітілді.
Қостанай облысында ағымдағы жылы көрнекті жазушы Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай жазба-ақындар мүшәйрасы, ақындар айтысы, аламан бәйге өтеді. Аталған іс-шараларға республиканың барлық аймақтарынан ақын-жазушылар, зиялы қауым шақырылатын болады.
Қазақ әдебиетінің дара жүйрігі, қайталанбас қаламгер жерлесіміз Бейімбет Майлиннің еліне сіңірген адал еңбегі бағаланусыз қалған жоқ.
1965 жылдан бастап Қостанай қаласының орталық көшелерінің бірі Бейімбет Майлиннің атында. Жазушының қолында кітаппен бейнеленген ескерткіші Қостанай вокзалы жанындағы алаңға орнатылды. Облыстық «Қостанай таңы» газетінің ғимаратында мемориалдық тақта, туған ауылында ескерткіш қойылды.
Жазушының туған жерінде 1990 жылдан бері Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы бар, онда Б.Майлиннің 200-ге жуық музейлік маңызы бар заттары жинақталған. Б.Майлиннің Таран ауылында өткізілген мерекелерде түскен фотосуреттері бар. Жыл сайын мұражайда жазушыны еске алуға арналған тақырыптық кештер, экскурсиялар мен көрмелер өтіп тұрады. Оқу орындарында, мектептерде шығармашылық байқаулар өтеді.
Қостанай облысы бойынша 22 көшеге жазушының есімі берілген, сонымен қатар Б.Майлиннің атында бірнеше оқу орындары бар, олар: Әйет кентіндегі қазақ орта мектебі, Арқалық қаласындағы №3 қазақ орта мектебі, Екідің ауылындағы орта мектебі.
Қазіргі уақытта Таран ауданын Бейімбет Майлин ауданы деп қайта атау, Рудный қаласы әкімдігінің «№7 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бейімбет Майлиннің есімін беру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына тиесілі құзырлы министрліктердің келісімін алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстанда көптеген көшелерге Бейімбет Майлин есімі берілген.
Әлемдік деңгейдегі атақты орыс жазушысы Лев Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана қостанайлықтарды 60 жыл бойы біліммен байытып келе жатқан мекеме. Егерде Қостанай халқы кітапхананың атауын өзгерту керек деген өтініш білдіріп жатса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес қарастыратын боламыз.

Марат ЖҮНДІБАЕВ,
Қостанай облысы әкімінің орынбасары

Қостанай облысы әкімдігі қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай өткізетін іс-шаралардың тізімі

Іс-шара атауы Өткізу мерзімі Өткізу орны Жауапты
1 «Бейімбет Майлин – өңір мақтанышы» (Б. Майлин ескерткіші алдындағы әдебиет алаңы) Мамыр Қостанай қаласы Л. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
2 «Өзіміздің Би-аға» атты республикалық жазба ақындардың жыр мүшәйрасы Маусым Таран ауданы ҚР Мәдениет және спорт министр-лігінің Тіл саясаты комитеті, Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы
3 «Құтты мекен – Қостанай» атты облыстық жазба айтыс Шілде Қостанай қаласы Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы
4 Б. Майлин көшесіндегі тұрғындарының

арасында «Бейімбет Майлин көшесіндегі той» атты облыстық шығармашылық байқау

Тамыз Қостанай қаласы Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы
5 «Алаштың бес арысы» атты тарихшы, ғалымдармен кездесу (Қазақстанның атақты саяси қайраткерлері Т.Рысқұловтың, С.Қожановтың, С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтің 125 жылдығына орай) Қыркүйек Қостанай қаласы Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы
6 Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы Қараша Қостанай қаласы Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы
7 Би-ағамызға арналған көрме Қараша Қостанай қаласы Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы
8 «Бейімбеттің биігі» театрлық қойылым Қараша Қостанай қаласы Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры
9 Театралды-поэтикалық композициясы 4-ші тоқсан Қостанай қаласы Л. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
10 «Б. Майлин – қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 4-ші тоқсан Таран ауданы Таран ауданының әкімдігі
11 Аламан бәйге (ат жарысы) 4-ші тоқсан Таран ауданы Таран ауданының әкімдігі

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here