ТАТАМИ ТӨРІНЕ ТАНЫМАЛ ӨНЕРПАЗДАР ШЫҒАДЫ

0
224

«Өнер барысы» жобасының авторы, айтыскер ақын Балғынбек Имаш Наурыз мейрамы кезінде өтетін бірегей турнирге дайындықтың қалай жүріп жатқанын баспасөз мәслихатында айтып берді.
Алдағы 21 наурызда Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтетін «Өнер барысы» республикалық турнирінде 18 «балуан» чемпиондық белдікті сарапқа салады. Олардың ішінде бірде-бір кәсіпқой спортшы жоқ. Бірақ, оларды бүкіл Қазақстан халқы таниды. Яғни, татамиге танымал өнерпаздар шығады. Айталық, Қайрат Нұртас, Абай Аязбаев, Серік Ибрагимов, Мейіржан Төребаев, Амангелді Өтешов, Асылхан мен Артур Төлеповтер, Аян Өтепберген, Нұрлан Мұсаев, Еркебұлан Дайыров, Әлібек Серғалиев, Нұрболат Абдуллин, Ардақ Байғабыл, Ғалым Махамбетов, Ақболат Өтебай, Сырымбет Бибосынов, Хамит Ердехан боз кілемде белдеседі.
«Біздің жастарымыздың бәрі неге әнші болуға құмар? Бізге ұлан байтақ даласын қорғайтын, Отанына, отбасына қорған бола алатын азаматтар керек. «Бала барысын» өткізу туралы ой да келді. «Жас барыс» секілді турнирлерді телевизиялық жоба ретінде жасасақ, қаншама жастарды қазақ күресіне тарта алар едік», – деген Балғынбек Имаш өз сөзінде тау халықтары секілді қазақ балаларын да жас кезінен бастап күреске тәрбиелеу керектігін атап өтті.
Баспасөз мәслихатында тілшілер жоба авторынан «Өнер барысының» нақты фавориттерін де сұрады.
«Жұлдыздардың қай-қайсысымен сөйлессең де, «Өнер барысы» болатынын жасырмай айтады. Иә, жігіттердің бәрі жанып тұр. «Жеңіл салмақта анау осал, мынау мықты» демей-ақ қоялық. Күш атасын танымайды. Кішкентай Серік Ибрагимовтің өзі 75 келіге дейінгі салмақта бәрін «илейтінін» айтып қалды. Ауыр салмаққа келер болсақ, фавориттердің қатарында Еркебұлан Дайыров бар», – деді Балғынбек Имаш.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here