АЛМАТЫДА АВТОТҰРАҚ ҚҰНЫ АРЗАНДАДЫ

0
77

Алматы прокуратурасының ықпалымен қаладағы ақылы автотұрақтардың құны арзандады. Атап айтқанда, сауда үйлерінің қасындағы автотұрақ құны енді сағатына бұрынғыдай 300 теңге емес, 100 теңгені құрайды.

Қаланың коммуналдық меншігіне жататын адам көп шоғырланған жерлерде тұрақ құнын бақылаудан өткізу кезінде прокуратура органдары мұндай ақының болуы негізсіз деп тапты. ҚР Жол қозғалысы туралы заңнамасы бойынша Алматы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қыркүйегіндегі қаулысымен мұндай қызметтерге сағатына 100 теңге тариф бекітілген. Әсіресе, Солүстік айналма жолындағы 14 базар («Алатау-1», «Алатау-2», «Алмалы», «Ақбұлақ», «Арлан», «Байсат», «Барыс», «Батыр», «Болашақ», «Қазына», «Олжа», «Рахат», «Сәлем», «Ялян»), «Адем» сауда үйі маңында автотұрақ құны сағатына 300 теңге болып келген.
Прокурорлық актінің нәтижесінде тұрақ құны жергілікті атқару органының бекіткен тарифіне сай өзгертілді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here