ЕСКІ КӨЛІКТІ ҚАБЫЛДАУ КЕЗЕКСІЗ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

0
192

Тозығы жеткен көліктерді утилизациялау бағдарламасы бойынша еліміздегі қабылдау бекеттері әр сенбі сайын Ашық есік күнін өткізеді. Ашық есік күні маусым айының соңына дейін жалғасады. Бұл туралы «ӨКМ Операторы» ЖШС өкілі Жомарт Рақымжан хабарлады.

Сонымен, ескі көлікті өткізу үшін auto.recycle.kz сайтына кіріп, кезекке тұру қажет. Бірақ, сенбі сайын өтетін Ашық есік күндерінде көлік тапсырушы азаматтар кезекке тұрмай-ақ өз аймағындағы қабылдау бекеттеріне барып, көлігін өткізе алады.

Қабылдау бекеттердің мекенжайлары: Нұр-Сұлтан қ., Ықылас Дүкенұлы к-сі, 31/2 (+7 771 766 4301); Алматы қ./Алматы обл., Қаскелен қ., Достық к-сі, 4 «В» (+7 771 766 4302); Шымкент қ./Түркістан обл., Сайрам ауд., Ақсукент а., Қарабұлақ ш., 95 «А» (+7 771 766 4313). Өзге аймақтардағы қабылдау бекеттерінің мекенжайлары мен қосымша ақпараттарды +7 (7172) 64-24-25 (Нұр-Сұлтан) телефон нөмірінен білуге болады.

Айта кетейік, жеңіл көліктерді ақшалай 150 мың теңгеге немесе жаңа көлік сатып алуға жеңілдік беретін 315 мың теңгенің сертификатына айырбастауға болады. Ал, жүк көліктері жеңілдік сертификаты бойынша 550 мыңнан 750 мың теңгеге дейін қабылданады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here