ЛӘҢГІ ТЕБУ, ЕШКІ САУУ, ҚОЙ ҚЫРҚУ… АУЫЛДАҒЫ ЕРЕКШЕ БАЙҚАУ

0
653

Түркістан облысының Созақ ауданында «Ауыл Games» байқауы өтті. Сөйтіп, ауыл жастары ұмытыла бастаған ұлттық салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды жаңғыртты.

«Созақ жастары» ресурстық орталығы мен Сызған ауыл округі әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған байқауда қатысушылар ләңгі тебу мен асық ату секілді ұлттық ойындар бойынша жарысты. Жігіттер қой жүнін қырқудан ептілік байқатса, қыз-келіншектер ешкі сауу мен самаурын қайнатудан, табаға нан пісіруден сынға түсті.

Барлығы 11 ауыл округінің жастары қатысқан байқауда белсенділік танытып, көзге түскен қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталып, түрлі бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here