АЛМАТЫДАН ШЫМКЕНТКЕ 4 999 ТЕҢГЕГЕ, ПАВЛОДАРҒА 6 999 ТЕҢГЕГЕ ҰШЫП БАРУҒА БОЛАДЫ

0
84

30 мамыр күні «FlyArystan» әуекомпаниясы Шымкент пен Павлодарға бірінші рейстерін орындады. Бұдан былай аталмыш бағыттар бойынша заманауи «Airbus A320» әуекемелері күнделікті қанатын жайып, ұшатын болады.
Алматыдан Шымкент пен Павлодарға қатынаған бірінші рейстер нық толып, оның 80%-дан астам билеті ең минималды тарифпен, яғни бағасы 10 000 теңгеге дейінгі бағамен сатылғанын атап кеткен жөн. Қазіргі уақытта саяхаттарын 26 қазанға дейін жоспарлап отырған жолаушылар әуекомпанияның ресми сайтынан билеттерді белсенді түрде брондап жатқанын байқауға болады.
«Шымкент – еліміздің республикалық маңыздылығы жоғары мегаполистеріне айналған ірі қалалардың бірі. Сол себепті «FlyArystan»-ның келуінен кейін жергілікті халық қажеттіліктеріне сай алтын уақыттарын үнемдеп, лоукостермен сапар шегуді таңдайтынына нық сенімдімін», – деді «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті Питер Фостер.
Алматыдан Шымкентке орындалатын рейстердің ең төменгі билет құны 4 999 теңгеден басталса, сапардың ұшу ұзақтығы 1 сағат 20 минут болмақ. Павлодарға барамын деушілер билеттерді 6 999 теңгеден бастап сатып алып, сүйікті қалаларына 1 сағат 50 минутта жете алады.
«FlyArystan» барша жолаушыларға әуекомпанияның сайты flyarystan.com-да жарияланған тариф ережелерімен мұқият таныс болуды сұрайды.
Айта кетейік, «FlyArystan» бюджеттік әуекомпаниясы – Алматы қаласында негізделіп, «Skytrax World Airline Awards» бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған «Эйр Астана» әуетасымалдаушысының бөлімшесі.
«FlyArystan» әуекемесінің орта жасы 6 жыл, 180 орны бар 4 «Airbus 320-232» ұшақтарынан құралған. Ал, 2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15-ке дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр.

«FlyArystan» әуекомпаниясының Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here