ҚОҚЫСТЫ АҚШАҒА ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕДІ?

0
241

Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы шаһардың тазалығын сақтау мақсатында қайта өңдеуге жататын пластик, шыны, қағаз қалдықтарын қабылдайтын 23 пункт ашқан болатын. Қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды апарып өткізсеңіз, 1 келісіне 5 теңгеден 30 теңгеге дейін төленеді.
Назарларыңызға қайта өңдеуге жататын тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын арнайы орындардың мекенжайын ұсынып отырмыз:
«Алғабас» шағынауданы («Алматы Аренаға» қарама-қарсы); Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысы («Мұрагер» дүкені); Рысқұлов даңғылы, Емцов пен Тілендиев көшелерінің арасы; «Зерделі» шағынауданы («Алғабас-6»), Төле би мен Мирзоян көше­лерінің қиылысы («Стрела» дүкенінің жаны); 8-ші шағынаудан, 29-үй; 4-ші шағынаудан, 22-үй («Сарыарқа» кино­театрының жаны); «METRO» сауда үйі; «Мамыр-1» шағынауданы («Спутник» СОО); «Ақсай-3 В»; Тимирязев көшесі, 81 (Әуезов көшесінің қиылысы); «Ай­набұлақ-3» шағын­ауданы; Мақатаев көшесі, 119; «Көкжиек» шағынауданы, 35-үй; «Құла­гер» шағынауданы (Омаров көшесі, 23 «А»); Райым­бек даңғылы, 245 («Максима» СОО); «Думан-2»; Пушкин көшесі, 50, Жолдас­беков пен Меңдіқұлов көшелерінің қиылысы, «Түркістан» СО; «Қалқаман» шағынауданы (№1 қалалық клиникалық ауруханасы); «Қалқаман» шағынауданы (№157 мектеп); «Жұлдыз-2» шағынауданы, 30-үй; «Жасқанат» шағын­ауданы (Байма­ғамбетов көшесі).

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here