«QAZAQ AIR» ШІЛДЕ АЙЫНДА ЖАҢА РЕЙСТЕР АШАДЫ

0
397

«Qazaq Air» әуекомпаниясы 7 шілдеде Нұр-Сұлтаннан Атырауға, 10 шілдеде Нұр-Сұлтаннан Өскеменге ұшатын тұрақты рейсті іске қосады.

Ұшақ ел астанасынан Атырауға әр жексенбі    сайын    ұшатын    болады.    Ұзақтығы  2 сағат 40 минут болатын  ұшудың  билет  құны 24 633 теңгеден басталады. Осы сомаға барлық алымдар кіреді.

Нұр-Сұлтан – Өскемен бағытында ұшатын рейс аптасына екі рет, сәрсенбі және жұма күндері ұшады. Бір жаққа ұшу билет құны 15 616 теңгеден басталады, осы сомаға барлық алымдар кіреді. Ал, оның  ұшу ұзақтығы – 1 сағат 30 минут.

Сонымен қатар, тасымалдаушы Нұр-Сұлтан – Семей бағыты бойынша ұшатын тұрақты рейс қайта жанданғаны туралы хабарлады.

«Осы рейстердің ашылуы Шымкенттен Атырауға, Өскемен және Ақтөбе, Өскемен және Жезқазған, Ақтөбе және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Семей – Ақтөбеден және Павлодар – Жезқазғаннан ұшатын әуекомпания жолаушыларына ыңғайлы қосылыстар арқасында «Qazaq Air»-мен қолайлы және жылдам саяхаттауға мүмкіндік береді»,– деп атап көрсетілген хабарламада.

Айта кетейік, «Qazaq Air» АҚ – Қазақстандағы ішкі бағыттарға қызмет көрсету үшін 2015 жылы құрылған жаңа аймақтық әуекомпания.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here