«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҮЙ АЛУҒА ҚҰЖАТ ЖИНАУ БАСТАЛДЫ

0
364

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қоры 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында жалға берілетін баспана алуға құжаттар қабылдауды бастайды.
Бағдарлама жалға берілетін тұрғын үй ретінде Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданынан (Ковыльное, Новоишимское, Шөптікөл, Пески, Разгульное ауылдары) үйлерді ұсынады. Баспаналардың жалпы ауданы 70-90 шаршы метрді құрайды. 5 жыл өткеннен кейін пәтерді жекешелендіруге болады, ал ай сайынғы жалдау ақысы – 7 000-9 000 теңге.
Бұл ретте бағдарламаға қатысушылардың әрбір отбасы мүшесіне 88 375 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді. Бағдарламаға қатысу үшін Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйге кезекте тұру қажет, отбасында 3 және одан да көп бала болуы тиіс. Үміткерлердің мынадай мамандықтардың бірі болуы керек: механизатор, электрик, токарь, құрылысшы, мал дәрігері, малшы, КамАЗ жүргізушісі, энергетик. Ал егер жоғарыда аталған мамандық болмаса, тегін оқу мүмкіндігі ұсынылады. Құжаттарды қабылдау Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де іске асырылады.
Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы, 39.
Жұмыс уақыты сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Байланыс телефондары: + 7 775 408 63 83, +7 702 727 54 64.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here