Төрт жылда 59 мың отбасы оңтүстіктен солтүстікке неге көшеді?

2
4397

Көші-қон – мемлекеттік маңызы бар күрделі мәселе. Қазақстанда 2013 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы қабылданды. Аталмыш бағдарлама аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, солтүстік аймақтарға оңтүстік облыстардан отбасыларды қоныстандыра бастады. Бұл бағдарламаның мақсаты қандай? Көші-қон барысында мемлекеттен қандай көмектер көрсетіледі? Солтүстік облыстарға қоныс аудару үшін не істеу керек? «Qazaq» газеті бүгін осы сауалдардың жауабын іздейді.

ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ

Қазақстан Үкіметі 2013 жылы қабылдаған «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасында жұмыс күшіне тапшы аймақтарға халқы тығыз орналасқан өңірлерден еңбекке қабілетті отбасыларды көшіру туралы егжей-тегжейлі айтылған. Әр облыс осы бағдарлама негізінде жоспар құрып, оған атсалысқандықтан, күн санап оңтүстіктен солтүстікке көш түзегендердің саны артып келеді. Бұл бағдарлама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан бастау алған.  Жолдауда «басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керектігі» айтылған.

Бүгінде «Оңтүстіктен Солтүстікке көшу» бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соңғы 10 жылдағы ішкі миграцияға талдау жүргізген. Соның нәтижесінде Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Алматы облыстары тұрғындарының бір бөлігін Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарына көшіру қажеттігін анықтаған. Солтүстікке қоныс аударуға ниетті адамдардың басым бөлігі – 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз азаматтар.

Мигранттарды солтүстікке көшірудің ең жақсы тәсілі – жұмыспен қамтамасыз ету. Ауыл тұрғындары үшін жер беру. Оған қоса, халықты біркелкі жайғастыру жолындағы нақты қадам – ішкі көші-қон процестерін реттеу мен еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру және республиканың солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру болып табылады.

Оңтүстіктен Солтүстікке көшкен отандастар құрылыс, білім беру, ауыл шаруашылығы және медицина салаларында еңбек етіп, елдің да-муына өз үлестерін  қосуда.

СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАНДАРДЫҢ САНЫ ҚАНША?

Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы жергілікті тұрғындар саны 17 пайызды құраса, халықтың 38 пайызы оңтүстік өңірлерде қоныстанған.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы іске қосылғаннан бері 19 мың адам солтүстік өңірге қоныс аударған. Бағдарлама аясында оларға 5,4 мың қызметтік пәтер мен жатақханадан бөлме берілген. Күні бүгінге дейін мемлекеттен солтүстік өңірге қоныс аударушыларға қолдау көрсетілуде. Көшіп барған әрбір жанұяның кемінде бір адамы жұмыспен қамтылып, түрлі салада жемісті жұмыстар атқарып келеді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, 2015-2017 жылдар аралығында 1392 мүшесі бар 347 отбасы солтүстік өңірлерге қоныс аударған. 2017 жылы 5 облыстан Шығыс Қазақстан облысына – 98, Қостанай облысына – 30, Павлодар облысына – 69, Солтүстік Қазақстан облысына – 184 отбасы қоныстанған. Ал, 2018 жылы қоныс аударуға Шығыс Қазақстан облысына — 364, Қостанай облысына – 272, Павлодар облысына – 380, Солтүстік Қазақстан облысына – 690 квота бөлінген. 2019 жылы солтүстікке 700 отбасын көшіру жоспарланған. 2018-2022 жылдары барлығы 59 мың жанұяны солтүстікке көшіру көзделген.

2018 жылы аймақтық квота бойынша 6766 қазақстандық оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  2018 жылы аймақтық квота бойынша 1 517 отбасын, яғни 6363 адамды көшіру көзделген. Жыл бойы жұмыс күші артылып жатқан аймақтардан солтүстік аймақтарға 6766 адам қоныс аударды. Бұл  дегеніңіз – 1858 отбасы. Яғни, жоспар артығымен орындалды.

Айта кетейік, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту  және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында еңбек ресурстарының тұтастығы үшін Үкімет белгілеген аймақтарға өз еркімен қоныс аударған тұлғаларға мемлекеттік қолдау жасау қарастырылған. Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» заңы бойынша Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарынан қоныс аудару қарастырылған. Бұл өңірлерде соңғы 10 жылда халық санының жыл сайынғы өсімі – 2 пайызды құрайды. Халықтың тығыз орналасуы – бір шаршы шақырымға 6,4 адамнан келеді. Қоныс аударушыларды қабылдап жатқан аймақтарға – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді.

МЕМЛЕКЕТТЕН ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ?

Солтүстікке қоныс аударған оңтүстік азаматтарына жеңілдіктер мен қаржылай көмек ұсынылады. Қоныс аударушылар жаңа қонысқа жетіп, тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген соң, жол шығынын жергілікті атқару органдары, яғни жұмыспен қамту орталығы қайтарады. Азаматтарды қоныстандыру, жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігі есепке алынуы, еңбекке орналасуы бойынша мемлекеттік қолдау беру, көшуіне субсидия төлеу, сондай-ақ, тұрғын үй мәселесіне жәрдем көрсетумен жүзеге асырылады.

Оңтүстік өңірлерден солтүстік облыстарға көшуге ниетті  адамдарды ынталандырудың жаңа бағыттары енгізілген. Қоныс аударғандардың шығындары 35 АЕК көлемінде өтелетін болады, яғни отбасының әрбір мүшесіне 88,3 мың теңге көлемінде ақша беріледі. Сондай-ақ бір жыл бойы көшіп барған отбасының баспананы жалдауға жұмсайтын шығындары субсидияланады. Республикалық бюджеттен бағдарламаға қатысушыларға және оның әрбір отбасы мүшесіне бір реттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері – 35 айлық есептік көрсеткіш, бұл 88 375 теңгені құрайды. Сонымен қатар, коммуналдық төлемдерді және жалға алынған баспананың ақысын төлеу үшін 12 ай бойы ақшалай көмек көрсетіледі. Қалалық жерге қоныс аударғандарға 48 100 теңге төленсе, отбасы мүшелерінің саны екеу-ден төртеуге дейін болса – 60 125 теңге, ал 5 немесе одан да көп болса 72 150 теңге төлеу қарастырылған. Ауылдық жерге қоныс аударғандарға бір жыл бойында ай сайын 36 075 теңге беріліп отырады. Отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 43 290 теңге, 5 не одан да көп болса – 50 505 теңге материалдық көмек көрсетіледі.

Ал бара сала баспана сатып алғысы келетіндер осы қаражаттың бір жылдық ақысын бірден алып, үй сатып ала алады. Басты талап – отбасындағы кем дегенде бір адам жұмыспен қамтылуы керек. Бұл үшін жұмысты жергілікті билік, яғни елдімекендердегі жұмыспен қамту бөлімдеріне мамандығы бойынша жұмыс тауып беруін сұрап, өтініш жазу қажет.

Жергілікті атқарушы билік еңбек жасындағы бір  азаматты жұмыспен қамтуға міндеттелген. Мамандығы жоқ отбасы мүшелеріне тегін орта кәсіби білім беріледі. Қоныс аударушылардың балалары болса, балабақшаға және мектепке кезексіз қабылданады. Сондай-ақ,  мал және егін шаруашылығы бойынша өз кәсібін ашқысы келетін жандарға қалаған мөлшерде жер телімі Үкімет тарапынан тегін беріледі. Ал бизнес жоспар ұсынған азаматтарға 6 пайыздық төмен мөлшерлемемен несие беріліп, «Бизнес бастау» бойынша тегін курстардан өтуге жолдама алады.

Сонымен қатар, «Серпін» бағдарламасы бойынша солтүстік өңірлердің жоғары оқу орындарында грантпен оқу мүмкіндігі қарастырылған. Осы орайда, бұған дейін бағдарлама аясында 5 627 жас солтүстіктегі оқу орындарында білім алған. Яғни, «Серпін» бағдарламасымен оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге 79 мың теңге беріледі. Биылдың өзінде бұл бағдарламаға республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттерден қомақты қаражат  қарастырылған.

КЕРІ ҚАЙТҚАНДАР ҚАРЖЫНЫ ҚАЙТАРАДЫ

Бағдарламаға соңғы бір жылда Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде тіркеуде тұрмаған азаматтар және шет ел азаматтары қатыса алмайды. Сондай-ақ, жалғыз өзі баруға бел буған адамның белгілі бір мамандық  бойынша дипломы болмаса, оған қатысуға рұқсат жоқ. Егер отбасымен баратын болса, онда отбасындағы бір азаматта міндетті түрде дипломы  болуы  керек.

Бағдарлама негізінде емес, жеке көшіп жатқан жандарға мемлекет тарапынан да, жергілікті биліктен де көмек қарастырылмайды. Солтүстіктің суық ауа райына үйрене алмаған оңтүстіктен қоныс аударған жандар кері қайтамын деген шешімге келсе, келісімшарттарының мерзімі аяқталса, ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Бағдарлама бойынша құжаттарын рәсімдегендер келісімшарттың мерзімі (6 ай немесе 1 жыл) бітпейінше, кері қайта алмайды. Келісімшартты бұзған азаматтар жолға жұмсалған және мемлекеттен алған барлық қаражатты соңғы тиынына дейін қайтаруы тиіс.

ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА ҚАНДАЙ ЖҰМЫС ҰСЫНЫЛАДЫ?

Солтүстік өңірлерге оңтүстік аймақтардан қоныс аударушыларға ұсынылатын бос жұмыс орындары:

– Орыс және орыс әдебиеті пәні мұғалімі (қазақ және орыс сыныптарына), Ағылшын тілі пәні мұғалімі (қазақ және орыс сыныптарына), Математика пәні мұғалімі (қазақ және орыс сыныптарына), Химия пәні мұғалімі (орыс сыныптарына), Физика пәні мұғалімі (орыс сыныптарына), Бастауыш сынып мұғалімі (орыс сыныптарына), Әскери дайындық сабағының мұғалімі (орыс сыныптарына), Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

– Акушер, акушер-гинеколог, маммограф, маммолог, дәрігер-невропатолог, дәрігер-офтальмолог, тіс дәрігері, балалар дәрігері, терапевт, хирург, құлақ-мұрын, тамақ дәрігері, мейірбике;

– Электрші, тракторшы, механизатор, нан пісіруші, құрылысшы, агроном, сатушы, мал дәрігері, көлік жүргізушісі, еден жуушы.

ХАЛЫҚ КҮШТЕП КӨШІРІЛМЕЙДІ

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру ерікті түрде жүргізіледі, азаматтарды күштеп көшіру жоқ. Павлодар облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің басшысы Меруерт Есембаеваның айтуынша, бағдарламаға Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде соңғы бір жыл бойы тіркеуде тұрған кез келген қазақстандық қатыса алады.

«Халық «бұл бағдарлама жұмыссыз жүрген адамдардың бәрін оңтүстіктен солтүстікке көшіруге арналған» деп ойлайды. Олай емес. Бұл бағдарлама – оңтүстіктегі бос жұмыс күшін мамандықтарына сәйкес солтүстіктегі бос орындарда пайдалануға бағытталған. Яғни, бағдарламаға қатысып жатқан отбасыдағы бір азаматтың міндетті түрде қолында белгілі бір салада дипломы болуы міндетті. Жалғыз өзі баруды ұйғарса, онда өзінің дипломы болуы керек», – дейді Меруерт Есембаева.

ҚОНЫС АУДАРҒАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ?

Елімізде оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірушілердің саны артуда. Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарына қоныс аударушылардың арасында шеттен оралған қандастар да бар. Олардың басым бөлігі Керекуге ат басын тіреген.

Тарих пәнінің мұғалімі – Назерке Омарова оңтүстіктен Павлодар облысына отбасымен қоныс аударған. Жұбайы да дене шынықтырудан сабақ береді. Үш балалы отбасыға ауданнан қызметтік баспана да берілген.

Былтыр өңірге осындай Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстарының тұрғындары қоныс аударған. Олардың басым бөлігі еңбекке жарамды екен. Соның нәтижесінде бұған дейін медицина, білім, ауыл шаруашылығы салаларында бос тұрған жұмыс орындары мамандармен толыққан.

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

«Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аудару» бағдарламасы әлі жалғасуда. Бағдарламаға қатысатындар алдымен мемлекеттен көмек қаражатын алып, жұмыспен қамтылып, тіпті шаруашылықпен айналыса алады. Ең бастысы – қоныс аударушылар тұрғыны аз шоғырланған Солтүстік, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл-аймақтарын сақтап қалуға өз үлестерін қосады. Бағдарламаға жыл он екі ай қатысуға болады.

Алатау мен Арқаның, күнгей мен теріскейдің арасын жалғаған бір уыс қана қазақтың қозғалған көшінің көлікті әрі көрікті болуын тілейміз!

Жансая ШЫҢҒЫСХАН, «Qazaq» газетінің Нұр-Сұлтандағы меншікті тілшісі

2 Пікір

  1. Wählen Sie wie Sie möchte transfer, dann entdecke das neueste free das wird make es einfacher zu mittels it. Bereitstellung von eines Flyknits höher erstellt in ein ganzes 360 – grad type that Techniken das komplette fuß, das nike free rn motion 360 gibt eine frühere match die sperrt die untere in um Bewegung im Schuh. Es beginnt heutzutage bei Jungs s Baby Nike Air Max 95 Formen auf Nike. Web und unter wählen Sie Einzelhändler. Das nike free x metcon kombiniert die Robustheit unddie Stabilität des nike metcon mit der Flexibilität und Leichtigkeit von nike free a nike Training zuerst booten. Es ist auf dem Markt in Jungs Messungen auf Nike.
    ???Tolle Turnschuhe Nike Air Force 1 neu für ein sehr guter Wert wir werden erhalten Dienstleistungen und Produkte von evo noch einmal, tatsächlich schnell Firma meine tochter geht über Turnschuhen schnell wegen er Skateboards, also der Kauf Wert war rechts I Reise bmx in diesen undder Griff ist unwirklich, ich werde im Allgemeinen verwenden Sie diese über irgendetwas transfer cop a pair sofort! Dieser Schuh ist gut für täglich verwenden. Ich gehe zu nutzen. es für die Schule. , um das Beste aus Steinbruch zu machen für spazieren und sind sie hervorragend nur für spazieren ich nicht entdecken Sie über Skateboarding. Der hübsche insgesamt ein guter Schuh. Ich kaufte acht Leute und mussten Schiff it back für achteinhalb.
    ???Überlegenen Baseball anbieten touch mit regulär ein Handle bekommen on in beide feucht und trocken Probleme, Sie können sein mit Ihren Gegnern, die in Nummer Zeit sind. Nike Quecksilberdampf ix fg Fußballklampen Angebot von einem handschuhartigen Match für verbesserte Geschwindigkeit und energetische Hilfe für intensive Preise, store Das Nike Hypervenom range at extrem Fußball. Erkennen Sie kostenlosen Transport bei allen Anfragen around $ hundertfünfzig mit simple 14 Mal kehrt zurück. Mittwoch sechsundzwanzigster 10 Uhr 18 Uhr. Lieferung – world standard. Ein Konto haben? hier registrieren. Registrieren Sie sich bei einer zeitgenössischen Mitarbeiter hier. Nur 1 Konto darf sein lebhaft sein.
    ???Hast du deine Nike Frees auf Null gesetzt? wenn nicht, es ist ein vollständig völlig anders Erfahrung. Ich habe arbeiten in vff ksos für eine lange Zeit und evo’s sind meine major shoes. Die Zero Droped Free’s sind für Berglauf. Ich normalerweise arbeite alles durch Feiertage http://www.nike for sale.com und i entdecken nike 3. 0s wirklich bequem. Ich erhielt die 2018 kostenlose rn , die 8mm drop, massiv schwammiger Absatz. Hilfe! wtf, nike? Ich bin erwäge the metcon das sind 5mm. Aber vielleicht ich werde nur überarbeiten die freie rn? Twitter-Upgrades facebook Upgrades meines Blogs checklist my weblog list wo immer ich renne, um bestimmte beste größte Gelegenheiten website Repository-Follower nike free flyknit 3.
    ???Wir zusätzlich präsentieren eine längere Zunge und Ferse transfer tab. Abschließend das Aussehen ist dunkel Stuck auf den Nubukaugen und eine durchscheinende Laufsohle. Entschuldigung, dieses System ist nicht verfügbar. Bitte wählen a verschiedene Kombination. Nike Wmns Air Foamposite One Shine. Haben Sie das ultimative Seelenfrieden. Alle Waren gekauft über die kixify wählen Sie Programm sind vollständig Nike Fußballschuhe für Mädchen versichert authentisch. Wir bieten global beschleunigt liefern auf jeden kixify wähle order. Nur wählen Sie a Größe und sehen Sie Ihre Versorgung Schätzung. Kixify wähle Bestellungen sind zufrieden von bestätigten Mitarbeitern, auf denen Sie können möglicherweise verlassen, um für eine einfach Informationen von Start bis Ende.
    ???Produktionsjahr: 2007 Sie können nicht wirklich go falsch mit Elefantendruck und Chicago-ähnlichen Farben. P-Rod und sb bleiben gewinnen. 12 Monate gestartet: 2008 nike sb hat sich mit der Musik- / Spielzeuggruppe u zusammengetan. Und Sneaker Artist Futura, um das tatsächlich selten und lästig früher oder später per Schuh. Die meisten der höher Optionen futuras bekannte kunstwerk – pointman and atmos und ist definitiv a muss Nike Id Roshe haben unter Sneakerheads. 12 Monate produziert: 2004 jedi oder yoda dieser Schuh wurde übergeben, dass Behandle , weil die Neonschnürung die Sneakers include ähneln einem Lichtschwert und kleiden im braun und unerfahren Schattierungen der vernünftigen jedi begreifen sich selbst.

  2. Менде мүлдем үи жоқ.
    Төрт. Балам бар, екі келінім, немерем бар.
    Бәрімізбір үидеміз,55000 тг жалдап тұрамыз.
    Қысты күнікөмір,отын аламыз,сонда жүз мыңға жалдаңандаи боламыз.
    Менің білгім келгені повладарға көшуімізне болама.
    Тек оңтүстік тен солтүстік ке бағыт болып тұр екен.
    Біз негізі оңтүстік азаматтарымыз.
    Астана, нұрсұлтан қаласына жұмыс істемиіз дкп келіп, осында тіркеліп, қалып қоидық.
    Он жыл болды астанада тұрып жатқанымызға.
    Менің ле балаларыммен повладарға көшкім келеді. Ұандаи жолы бар, кімгк барамыз.
    Астанадағы пропискпдан шығамыз ба

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here