ЕЛОРДАДА МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМІРГЕ ҚАНША АҚША БЕРІЛЕДІ?

0
343

Нұр-Сұлтан қаласының тұрмысы төмен отбасыларына көмір сатып алуға 20 200 теңге беріледі. Бұл туралы Елорданың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов мәлімдеді.

Жылу беру маусымы кезеңінде әлеуметтік көмек пешпен жылытылатын жер үйлерде тұратын мүгедектерге, мүгедек балаларға, зейнеткерлерге, жан басына шаққандағы табысы төрт ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын (133 432 теңге) көпбалалы отбасыларға көрсетіледі.  Өтемақы сомасы 20 200 теңгені, яғни 8 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Айтуынша, өтемақы тек бір рет төленеді. Әлеуметтік көмекті алу үшін мұқтаж жандар әкімдікке өтініш жазып, тиісті құжаттарды ұсынуы керек.

Басқарма басшысының мәліметіне сүйенсек, Елордада жылу беру маусымы кезеңінде бір отбасы шамамен 7-10 тонна көмір жұмсайды екен. Сондай-ақ, көмір сататын жеті ірі компания бар екенін атап өтті. Олардың барлығымен көмір бағасын көтермеу туралы меморандум бекітілген. Бүгінгі күні көмір бағасы 12 мыңнан 14 мың теңгеге дейінгі аралықта белгіленді. Тамыздағы жағдай бойынша көмірдің жалпы қоры 19 мың тоннадан асады.

Қосымша ақпаратты Отын-энергетикалық ресурстар бөлімінен алуға болады: +7 (7172) 55-01-60, 55-01-60.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here