БАЛАЛАРҒА ШАҢҒЫМЕН СЫРҒАНАУДЫ ҚАЙДА ТЕГІН ҮЙРЕТЕДІ?

0
201

Оңтүстік астанада балаларға тау шаңғысымен сырғанауды тегін үйрететін болды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

«Алматы спорты» әлеуметтік жобасы аясында тау шаңғысымен сырғанауды тегін үйрету үшін 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Оқыту 2-31 желтоқсан аралығында өтеді. Әр балаға кәсіби нұсқаушылар төрт сабақтан өткізеді. Сабақ екі ауысымда, 60 минут бойы жүреді. Бірінші ауысымның сабағы – сағат 8:00-де, екіншісі – сағат 14:00-де басталады. Ұйымдастырушылар тарапынан шаңғы курортына дейін апаратын көлік және қажетті заттар (шаңғы, таяқтар, бәтеңке, шлемдер) ұсынылады.

Тіркеу Бөгенбай батыр көшесі, 66 мекенжайында, almatysporty.kz сайтында немесе info@arnage.kz электронды поштасы және +7 (707) 245 7255 WhatsApp нөмірі арқылы жүргізіледі.

Қажетті құжаттар тізімі: ата-аналардың жеке куәлігінің және баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері (2 көшірмеден); отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы (болса) анықтамалар, құжаттар (көпбалалы, аз қамтылған); нақты тұратын мекенжайы, байланыс телефондары; баланың мектепке қай ауысымда баратынын көрсету қажет.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here