ЕНДІ ЖЕМҚОРЛАРДЫ ӘШКЕРЕЛЕГЕНДЕР 10,6 МЛН ТЕҢГЕ АЛАДЫ

0
96

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жарияланса да, өзекке түскен «жегі құрт» жойылмай тұр. Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түрлі тәсілдерге жүгінеді. Бұл туралы inbusiness.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижесі көңіл көншітпейді. «Биені бүгімен, түйені түгімен» жұтып жүргендер заңға қайшы әрекет етуден тыйылмай тұр. Осыған тосқауыл қою үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев халықты сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресуге, яғни жемқорлар мен парақорларды әшкерелеуге шақырды.

«Үкімет Президенттің тапсырмасын іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалар үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі туралы қаулыны бекітті. Енді ЭЫДҰ қатарындағы көптеген елдердегі секілді сараланған сыйақы болады», – деп түсіндіреді Алик Шпекбаев.

Агенттік төрағасының сөзінше, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам  соттың  айыптау үкімінен кейін пара сомасының 10%-ын алады. Ең жоғары сыйақы мөлшері 10,6 млн теңгені құрайды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here