Биотехнология ғылымы мен білімін ұштастырған Әл-Фараби орталығы

0
714

Заманауи білім тәжірибе мен жаңашылдыққа негізделеді. Заман талаптарына сай мемлекеттердің қатарында болу үшін мемлекетке білімді және жан-жақты мамандар керек. Ал, білікті мамандарды даярлау тікелей сапалы білімді қажет етеді. Жоғары білікті мамандарды шығаруға бағытталған университеттер халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру жүйесін жаңартады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының университетін құрудың инновациялық жобасы халықаралық білім беру жүйесінің жалғасы. Халықаралық университет құрған жобалардың бірі – «Қос диплом» бағдарламасы. Бағдарлама бойынша магистрант (студент) өзі оқитын бір университетте ғана емес, бірнеше университетте білім ала алады, яғни, студент негізгі (базалық) университетке түсіп, осы мамандықтағы басқа мамандандырылған университеттерде оған қызығушылық танытатын мамандықтарды таңдап, оқу мүмкіндігіне ие болады.

Орта Азиядағы және Қазақстанның ең үздік университеттерінің бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеттерінің қатарына енеді. «Қос диплом» бағдарламасы аясында ҚазҰУ университетінің магистранттары екі университеттің дипломдарын алу мүмкіндігіне ие. ҚазҰУ-дың Биология және биотехнология факультеті аталған бағдарлама бойынша Ресейдің Белгород ұлттық университетімен тығыз байланыс орнатып келеді. Оған дәлел ретінде ҚазҰУ және БелҰУ университеттерінің биотехнология кафедралары бірлесіп, «әл-Фараби орталығы» атты өндірістік биотехнология зертханасын ашқан екен. Бұл зертхана біз үшін Қазақстанның кішкентай бір бөлігі сияқты болып көзімізге ыстық көрінді, осы зертханада Белгород қаласы мен аймағында орналасқан Лизин зауыты, «Лучки» биогаз зауыты, ірімшік және сүт шығаратын зауыттар өздерінің тәжірибелік тапсырыстарын беріп, бірлескен жұмыс атқарады екен. Сонымен қатар, біз «Қос диплом» бағдарламасының болашақ түлектері әл-Фараби орталығының зертханасында өзіміздің бітіру жұмысымызды орындауға мүмкіндік алдық, зертхана заманауи талаптарға сай құрал жабдықтармен қамтылған, Ресей профессорлары мен оқытушылары бірігіп ғылыми жұмыстарымызды сапалы жасауға ықпал етті. Осылайша, біз қос мемлекеттің ғылымына өз үлесімізді қосуға тырыстық және көптеген қызықты зерттеу нәтижелерін алдық. Бағдарлама аясында БелМУ қабырғасында үлкен білім алып, тәжірибе жинақтадық. БелМУ-да өздерінің жергілікті халқынан басқа өте көп шетелден келген студенттер оқиды екен. Олар Африка, Еуропа, Корея, Қытай, Пәкістан, Үндістан және Украина елдерінен келіп оқып жатқан студенттер, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан да 50-ге жуық студенттер осы университетте оқиды. Оған біз қатты қуандық, себебі студенттерге бұл университетте өте керемет жағдайлар жасалған. Ең алғаш барғанда бізге университеттің жатақханасы айқара есігін ашты. Ол жерде 1 бөлмеде 2 студент болып тұрдық. Күнделікті өмірімізге қажетті заттардың барлығы болды: теледидар, жиhаз, төсек орындары, Wi-Fi және тоңазытқыш, газ плитасы, стол, жуынатын душ және т.б. Тек оқысақ болды. Біз қос дипломды бағдарламамен оқығандықтан бұл жатақханада 2 семестр бойы тегін тұрдық. Өзіміз қатарлы шетел балаларымен күнделікті сөйлесіп, ағылшын тілімізді де күшейтіп алдық және жатақханада ағылшын клубтарын ұйымдастырып, қызықты киноларды, кітаптарды ағылшынша талқылап жүрдік, күнделікті өміріміз өте қызықты өтті.

Жалпы айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және БелМУ бізге қос диплом иегері атануымызға керемет мүмкіндік берген сүйікті университеттеріміз болды. Осындай болашақ өмірімізге үлкен мүмкіндік берген университет басшыларына, ұстаздарымызға және біздің кафедрамыздың меңгерушісі Қыстаубаева Аида Серікқызына шексіз алғысымызды білдіреміз!

Жұлдыз Батыкова, Жорабек Мұсабеков, Сабина Сайдильдина,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биотехнология кафедрасының 2-курс магистранттары

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here