19 НАУРЫЗДА ЕКІ МЛН ХАЛҚЫ БАР АЛМАТЫДАН ҚАНША АДАМ КЕТТІ?

0
1435

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановтың мәліметінше, 19 наурызда тәулік ішінде 27 блок бекет арқылы қалаға 4 383 көлік, 45 956 адам кірсе, қаладан 3 884 көлік, 47 325 адам шыққан. Ал, бүгін, 20 наурызда қалаға 17 810 көлік, 49 018 адам кірсе, қаладан 10 772 көлік, 54 700 адам шығып кеткен. Осылайша, екі күнде 102 мың адам Алматымен карантин біткенше қоштасқан.

Ертең, 21 наурызда Алматыдан шығып кетуге болады, одан кейін оңтүстік астананың «есігі» толықтай 15 сәуірге дейін жабылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here