ДӘУРЕН АБАЕВ: «ЕКІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОРОНАВИРУСТЫ ЖЕҢІП ШЫҚТЫ»

0
2024

Бүгін, 25 наурызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде екі қазақстандықтың коронавирустан жазылғанын айтты.

«Брифингті жақсы жаңалықтан бастағымыз келіп отыр. Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Бұйырса, ауруханадан ертең шығады. Бұл – біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз. Ең алдымен бұл – дәрігердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан Үкіметтің және барша қазақстандықтардың атынан медицина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінң қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Кез келген маман үшін ең бастысы – өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді», – деп мәлімдеді Дәурен Әскербекұлы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here