Алуан ақпарат

30 НАУРЫЗ – 5 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА НҰР-СҰЛТАН, АЛМАТЫДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛАДЫ

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз және 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында мәлім болды.

Сонымен, мемлекеттік комиссия коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында биылғы 30 наурыз және 5 сәуір аралығында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді бекітті.

Толық тізім қалалардың әкімдіктерімен келісе отырып анықталады.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close