Алуан ақпарат

Covid-19: Вирус жұқтырғандар саны әлемде 868,9 мыңға жетті

Coronavirus2020.kz таратқан ақпаратқа сенсек, бүгін, 1 сәуірдегі сағат 15:40-тағы жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырғандар саны Қазақстанда 369-ға жетті. Ал, Нұр-Сұлтанда 1 адам, Ақмола облысында 1 адам, Қарағанды облысында 1 адам, барлығы 3 адам коронавирустың құрбаны болды. Және 26 адамның індетті жеңіп шыққаны белгілі.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 184 адам, Алматы қаласында – 84 адам, Қызылорда облысында – 24 адам, Қарағанды облысында – 14 адам, Атырау облысында – 16 адам, Ақмола облысында – 16 адам,  Алматы облысында – 8 адам, Түркістан облысында – 5 адам, Ақтөбе облысында – 3 адам, Жамбыл облысында  – 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам,  Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам,  Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, жалпы 369 науқас тіркелді. Сөйтіп, әзірге коронавирус тіркелмеген Қазақстандағы жалғыз аймақ Қостанай облысы ғана қалды.

Бүгін, 1 сәуірдегі сағат 15:40-тағы жағдай бойынша, COVID-19 індетіне әлемде 868,9 мыңнан астам адам шалдыққан, 43,1 мыңнан астам адам бұл індеттің құрбаны болған. Ал, індетті жеңіп шыққандардың саны 182,5 мыңға жетті.

Өкінішке қарай, COVID-19 індеті әлемнің 196 елі мен аймағында таралды. Ал, індеттің құрбаны болғандар саны жөнінен алғашқы орынға Италия (12 428 адам) шықты. Одан кейінгі орындарда Испания (9 053), АҚШ (4 056), Франция (3 523), Қытай (3 312), Иран (2 898) тұр. Құрбан саны мыңнан асқан елдердің қатарында Ұлыбритания (1 789) мен Нидерланды (1 039) бар. Бұл көрсеткішке Бельгия да (828) жақындап қалды. Ал, індетті ең көп жұқтырғандар саны бойынша АҚШ (188 592), Италия (105 792), Испания (102 136), Қытай (81 554) мен Германия (71 921) елдері алда тұр.

Айта кетейік, COVID-19 індетіне қатысты соңғы ақпараттарды www.worldometers.info сайтынан білуге болады.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close
Close