Психолог кеңесі: Карантин кезінде эмоцияны қалай басқаруға болады?

0
245

Біздің әдеттегі өмір сүру салтымыз өзгергенде, әсіресе біздің жеке таңдауымыз болмаған жағдайларда, біз шағын дағдарысты бастан өткереміз. Карантин жарияланған алғашқы күннен бастап ситуацияны адамдар әртүрлі қабылдады. Бірақ, оның қандай экономикалық, әлеуметтік, психологиялық жағдайларымызға әсер ететінін  біраз оқшауланғаннан кейін сезе бастағандай болды. Бұл ол адамдардың сенімсіздігінің пайда болуына алып келді. Экстремалдық жағдайда өзінің эмоциясын реттей алмайтын адамдарға біршама қиын болды.

Кез келген дағдарыс жаңа идеялардың, жаңа жоспарлардың туындауына алып келеді. Сондықтан да, бұл жерде жеке тұлғаның экстремалдық ситуациядан шығу әрекетін ұтымды пайдаланып, ішкі психологиялық резустарын қолдана алу керек. Сіздің жағдайыңыз жеке басыңызға тікелей әсер етеді. Демек, қобалжудың  себептері бар. Бірақ, ең бастысы, өз-өзіңізді  сабырға келтіріп  және бойыңызда эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру керек. Стресс жағдайында адам өзінің шынайылығын жоғалтады. Жағымсыз эмоциялар, қорқыныш және ертеңгі күнге сенімсіздік жұмыс жасауыңызға әсер етеді.

Стресстен шығуда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тәжірибелі психологы Бақыт Жигитбекованың бірнеше кеңестерін ұсынамыз: 

  1. Нақты не болғанын, дағдарыс сізге және жақындарыңызға  қандай әсер еткенін жазып алыңыз. 
  2. Сізге қандай жаман салдары болуы мүмкін екенін де талдаңыз. Сіздің миыңызда нақтылық пайда болып, бойыңыздан үрей мен қорқыныш кете бастайды. 
  3. «Қазір нақты осы жерде» принципіне оралыңыз. Қандай іс-әрекеттен бастаймын? Қолымда не бар? Не істеймін? Осы сұрақтарға жауап іздеңіз.
  4. Болашақтағы іс-әрекетіңізді позитивті вербализациялаңыз.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here