Енді әлеуметтік араздық тудырғандар 19,4 млн теңгеге дейін айыппұл төлейді

0
1537

Сенбі күні Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің 2,4 мың оқырманы бар Twitter парақшасында (@erlankarin) 27 маусымда Мемлекет басшысы қол қойған атқарушылық іс жүргізу мен қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі заңға қатысты орыс тілінде жазба жариялады.

«Бұл заң – президенттік саяси реформалар пакеті аясында жасалған маңызды құжаттардың бірі. Атап айтқанда, осы заңмен қылмыстық кодекстің «жала жабу туралы» 130-бабы әкімшілік кодекске ауыстырылады. Бұл бапты декриминализациялау туралы тапсырмасын Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың желтоқсан айында Ұлттық кеңестің екінші отырысында берген болатын. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 174-бабына да өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгертулер тек редакциялық өзгерістермен шектелмейді. Айталық, «қоздыру» сөзі «тұтандыру» сөзімен алмастырылады. Жаңа заңға сәйкес, 2 000-нан 7 000 АЕК-ке дейін айыппұл енгізіледі. Бұрын аталмыш заң бойынша екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан шектеу жазалары болған» деп жазды Ерлан Тынымбайұлы.

Айта кетейік, Қазақстанда 1 АЕК – 2 778 теңге, яғни енді әлеуметтік араздық тудырғандарға 5,5 млн теңгеден 19,4 млн теңгеге дейін айыппұл салынады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here