Мемлекет басшысы қай әкімдерге сөгіс жариялады?

0
597

Бүгін, 29 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялады. Ал, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевке ескерту жасады. Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті. Аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты», – деп жазды Берік Уәли.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы аталған кеңесте індеттің кең таралуына байланысты тұрғындардан арыз-шағым көп түсіп жатқанын, азаматтарға дәрі-дәрмектер, оны пайдалану жөнінде түсініктеме беру қажеттігін айтты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here