Үздік педагогикалық университеттің студенті үздіктер қатарынан көрінді

0
888

«Дефектология» мамандығының, «Арнайы білім беру» кафедрасының, педагогика және психология институтының 3-курс студенті (эдвайзер: аға оқытушы Ж.И. Кошикова) Есенгелді Тамирис Қазақстан ғалымдары конгресінің қолдауымен «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған «ТМД-ның үздік студенті – 2020» республикалық жобасына қатысты. Онда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь сияқты посткеңестік кеңістіктегі елдердің ең үздік студенттері бас қосты.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жас ғалымдардың үздік инновациялық жобаларын анықтау, ғылыми-зерттеу жұмысында, шығармашылықта, студенттік өзін-өзі басқаруда, спортта белсенді қатысқан студенттерді анықтау әрі ынталандыру және ғылым мен білімді дамыту үшін ортақ біріктіруші алаң құру, барлық ТМД студенттерінің мықты ынтымақтастығын қалыптастыру.

2020 жылдың сәуір айында конференция түрінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Министрліктер үйінде жинақтың тұсаукесері және марапаттау рәсімі өтуі тиіс еді, бірақ қазіргі жағдайға байланысты оны алып тастады.

Байқау нәтижесі бойынша Есенгелді Тамирис (ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., аға оқытушы М.Ж. Құлжабаева) естелік медальмен, І-дәрежелі дипломмен марапатталды және «Талантты жастар энциклопедиясы» Республикалық студенттік кітап топтамасының үздік студенттерінің II-жинағына енді, сонымен қатар, оның өмірбаяны ISBN халықаралық стандартты нөмірін беру жинағында жарияланды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here