Көкпектіде қырық үйдің құрылысы басталды

0
1488

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауылында 2 пәтерлі 20 тұрғын үй құрылысы басталды. Жоба бойынша 20  қос  пәтерлі жеке тұрғын үйдегі  пәтерлердің жалпы ауданы – 100 шаршы метрді құрайды.

2020 жылы  жарияланған конкурстық  қорытындысы бойынша Өскемендегі  «Дороги Востока» ЖШС жеңімпаз болып танылып, келісімшарт жасалды. Бүгінгі күні мердігер серіктестік жұмысты бастады. Мұндағы 40 пәтер баспана кезегіне тұрған әлеуметтік жағдайы қолдауды қажет ететін  отбасыларға  беріледі. Бұл үйлер пайдалануға берілгеннен кейін ауданда баспана кезегіне тұрғандар саны 40 пайызға азаяды.

Аудан әкімі А.Смаилов және ауданның ақсақалдары салынып жатқан үйдің құрылыс жобасымен танысып, алғашқы іргетасын қалады. Аталмыш жоба бойынша ауданда болашақтада осындай үлкен жобалар іске асырылатын болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here