Түркістан облысына коронавируспен күреске арналған дәрі-дәрмектер келді

0
709

Түркістан облысына 5 млн-ға жуық дана дәрілік препараттар келді. Бұл өз кезегінде халқы тығыз қоныстанған өңірдегі дәрі-дәрмек тапшылығының оң шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.

Пандемиямен күрес үшін облыс бюджетінен қаражат бөлініп, Өзбекстан елінен жеткен кезекті партия дәрілік заттардың ішінде амброксол, левофлаксацин, аминофиллин, азитромицин, цефтриаксон, парацетамол, метранидазол, дексаметазон, эуфиллин секілді пневмония және коронавирусқа қарсы препараттар бар.

Аталған қажетті дәрі-дәрмектердің жартысы өңірдегі аудан, қалалардағы ауруханаларға таратылса, жартысы әкімдіктермен меморандумға отырған 153 дәріханаға шекті бағамен жөнелтіледі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here