Байлығы 266 млн халқы бар Индонезияның бір жылдық бюджетінен көп миллиардер

1
1229

Америкалық миллиардер Джефф Безос коронавирус пандемиясы жарияланған 4 айда 63 млрд доллар пайда тауыпты. Өйткені, кәсіпкердің Amazon интернет-дүкені арқылы тауарларды онлайн тапсырыс берушілердің саны әлем бойынша еселеп артқан.

56 жастағы миллиардердің жалпы байлығын Forbes 175,8 млрд долларға бағалады. Яғни, Джефф Безос – әлемдегі ең бай адам. Forbes тізімінде екінші орында тұрған тағы бір америкалық миллиардер Билл Гейтстің қалтасында 113,8 млрд доллар бар.

Бір қызығы, Джефф Безостің байлығы 266 млн халқы бар Индонезияның бір жылдық бюджетінен 21 млрд долларға артық екен. Әлемде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 193 мемлекет болса, солардың арасынан 23 елдің ғана 2019 жылғы бюджеті 180 млрд доллардан жоғары болған. Ал, америкалық миллиардердің төрт айда тапқан табысын 32 млн халқы бар Перу бір жыл, 34 млн халқы бар Өзбекстан үш жыл жұмсайды. Бұл 63 млрд доллар шамамен Қазақстанның 1,6 жылдық, Өзбекстанның 3,1 жылдық, Түркіменстанның 13,4 жылдық, Қырғызстанның 27,3 жылдық бюджеті.

Мадияр ӘЗИЗҰЛЫ, «Qazaq» газетінің шолушысы

1 пікір

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here