Алакөл ауданында жалғызбасты ана баспаналы болды

0
1183

«Диана» қайырымдылық қоры Құрбан айт мерекесі қарсаңында Ақтүбек ауылының тұрғыны көпбалалы ана Самал Нүрпейісоваға үш бөлмелі тұрғын үйдің кілтін табыстады. Үй иесінің қуанышымен бөлісуге округ әкімі Қ.Тұрлыбеков, «Диана» қайырымдылық қорының ұйымдастырушысы Қ.Қаппар арнайы қатысып, өздерінің құттықтауларын жеткізді.

«Үй иесін қуанышымен құттықтаймын. Ауданда атқарылып жатқан қайырымды істерге үнемі куә болып жүрміз. Осы игі істің басында жүрген «Диана» қайырымдылық қорына және барлық ұжымына алғысымды білдіремін», – деді округ әкімі.

«Мереке алдында біз керемет шараның куәсі болудамыз. Егер біз ынтымағымыз бен бірлігімізді көрсете білсек, елде қиналған отбасы болмайтынына сенемін», – деп қор ұйымдастырушысы Қ.Қаппар үй кілтін Самал Нүрпейісоваға табыс етті.

Жалғызбасты ана өзінің 5 баласымен бірнеше жыл пәтер жалдап тұрғанын айтып, енді балалары үшін қуанышты да бақытты күндер туғанын, өз бөлмелері болатынын айтып, көз жасына ерік берді.

Айта кету керек, аталған қор ұжымы тұрғын үйді 920 мың теңге көлеміндегі қаражатқа сатып алған. Бүгінде аудан бойынша алты отбасыға қуаныш сыйлаған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here