Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш ашылды

0
118

Бүгінгі таңда елімізде орын алып отырған қиын жағдайға қарамастан біз әрқашанда ерлеріміздің жасаған ерлігін ұмытпайтын, оны дәріптейтін халықпыз. Оның дәлелі ретінде Алматы облысына қарасты Қарасай ауданындағы Шамалған округінде ауған соғысына қатысқан сарбаздың құрметіне ашылған ескерткішті айтуға болады.

Аталған мемориал Шамалған округі ауған соғысы ардагерлерінің бастамасымен, жергілікті жомарт жандар мен әкімдіктің қолдауымен бой көтерді. Оның ашылу салтанатына округ әкімі Ержас Тоқтасынов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Бекмырза Жүсіп, Шамалған округіндегі ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Елхан Сайфуллин мен аудан ардагерлері қатысты.

Шарада ескерткіштің лентасы ресми түрде қиылып, ерлікке тағзым етілді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here