Ауылда атқарылған ауқымды жұмыс

0
1492

Бүгін, 30 шілде күні Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылдық округінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жаяу жүргіншілер жолы қолданысқа берілді. Нысанда құрылыс жұмыстарын «Хан Тенгри Құрылыс» ЖШС жүргізген.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет тарапынан бөлінген қаражат есебінен су қоймасы қайта жөндеуден өтіп, Рудничный ауылдық округіне жаңа су қоймасы салынды.

Айта кетейік, ауылдық округтегі бұрынғы су қоймасы осыдан 70 жыл бұрын қолданысқа берілген. Сол себептен де, су қоймасы жаңадан жаңартылып, қайта іске қосылды. Нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстарын «Шымыр» ЖШС жүргізген.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here