Алексей Цой: «Қазақстандағы қиын кезең артта қалды»

0
253

Қазір ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен Қазақстандағы COVID-19 және пневмония статистикасын біріктіруге қатысты баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.

«Алдымен еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталайын. Қиын кезең артта қалды деп айтсақ артық болмас. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді. Қазақстанда жалпы наурыз айынан бері 92 262 адамнан індет анықталды. Оның ішінде 30 мыңға жуық адам емделуде. Өкінішке қарай, 1 058 адам қайтыс болды. Бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайып келеді. Мысалы, бір тәулікте COVID-ке шалдығу деңгейі 1 400 адамды құрап отыр. Ауруханаларда дәрі-дәрмек те жеткілікті», – деді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, COVID-19 бен пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған елу екі мың төсек орын бар.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here