17,5 мың шымкенттіктің коммуналдық шығындары мемлекет есебінен төленді  

0
153

Еліміздің үшінші мегаполисінде төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеу бойынша өтініш 21 сәуір мен 25 маусым аралығында қабылданды. Осы мақсатта арнайы communal-komek.kz сайты ашылған болатын. Сайт қазір жұмысын тоқтатты. Аталмыш сайтқа 34 171 шымкенттіктен өтініш келіп түсті.

Әрине, өтініш санының көп болуына байланысты қазір олар тексеріліп жатыр. Қалған өтініштер 15 тамызға дейін қарастырылады. Қазірдің өзінде 17 566 шымкенттіктің дербес есеп шотына 527 млн теңге аударылған. Қалған 140 млн теңге 15 тамыздан кейін аударылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here