Провизорлық және инфекциялық орындар саны екі есеге азайды

0
144

Түркістан облысында індетке қарсы күрес жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Түркістан облысы әкімінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Өңір бойынша инфекциялық төсек орындар саны 440 болса, бүгінде оның саны 225-ке қысқарған. 1 941 провизорлық төсек орынның 931-і қысқарып, 1 010 төсек қалып отыр. Бұл Түркістан облысында ауыр індеттен жазылып шыққан науқастардың азайғанын көрсетеді. Облыс бойынша

2020 жылдың 30 наурызынан бастап 6 тамыз аралығында COVID-19 расталған науқастар 2 902-ні құрайды. Өңір басшысының дер кездегі шешімі мен дәрігерлердің ерен еңбектерінің арқасында науқастардың 81,2 пайызы жазылып шыққан. Яғни, 2 355 науқас бүгінде дертінен толық айығып отыр.

Айта кетейік, ауруханадан үйіне шығарылған науқастардың ішінде сиптомпсыз жағдайдағы 1 563 адам толық сауыққан.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here