Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 20 млн адамнан асты

0
1380

Бүгін, 11 тамыз күнгі соңғы мәлімет бойынша, COVID-19 індетіне әлемде 20 млн адам шалдықты. Ал, 736 мыңнан астам адам бұл індеттің құрбаны болды.

Өкінішке қарай, індеттің құрбаны болғандар саны жөнінен алғашқы орында АҚШ-тың (163,4 мың адам) тұрғанына біраз болды. Одан кейінгі орындарда Бразилия (101,7 мың), Мексика (53,1 мың), Ұлыбритания (46,6 мың), Үндістан (45,2 мың), Италия (35,2 мың), Франция (30,3 мың), Испания (28,5 мың), Перу (21,2 мың), Иран (18,6 мың), Ресей (14,9 мың), Колумбия (13,1 мың), Оңтүстік Африка Республикасы (10,6 мың), Чили (10,1 мың), Бельгия (9,8 мың), Германия (9,2 мың) және Канада (9 мың) тұр. Құрбан саны 5 мыңнан асқан елдердің ішінде Нидерланды (6,1 мың), Пәкістан (6 мың), Эквадор (5,9 мың), Түркия (5,8 мың), Швеция (5,7 мың), Индонезия (5,7 мың), Ирак (5,4 мың), Мысыр (5 мың) бар.

Індетті ең көп жұқтырғандар саны бойынша АҚШ (5,1 млн) көштің басында тұр. Одан кейінгі орындарға Бразилия (3 млн), Үндістан (2,2 млн), Ресей (890 мың), Оңтүстік Африка Республикасы (563 мың), Мексика (485 мың), Перу (483 имың), Колумбия (397 мың), Чили (375 мың), Иран (328 мың), Испания (322 мың), Ұлыбритания (313 мың), Сауд Арабиясы (289 мың) және Пәкістан (284 мың) елдері жайғасты. Ал, індетпен ауырып жатқандар саны 200 мыңнан асатын елдердің қатарында Бангладеш (260 мың), Аргентина (253 мың), Италия (250 мың), Түркия (241 мың), Франция (239 мың), Германия (218 мың) бар.

Ең өкініштісі, бұл «көрсеткіш» бойынша Қазақстан 26-шы орында тұр. Бізден кейінгі орынға 100 млн халқы бар Мысыр жайғасқан. Коронавирус бастауын алған Қытай 30-шы орында. Ал, Орта Азия елдерінде, атап айтқанда, Қырғызстанда 40 мың адам, Өзбекстанда 31,3 мың адам, Тәжікстанда 7,8 мың адам жұқтырды, «Орталық Азияның Солтүстік Кореясы» атанған Түркіменстанда ресми мәлімет бойынша коронавирус дерегі тіркелмеген.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here