«Самұрық-Энерго» Екібастұз ГРЭС-1 мен ГРЭС-2-нің тарифтері туралы түсіндірді

0
141

«Самұрық-Энерго» АҚ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова қойған кейбір сұрақтар бойынша түсіндірме беру қажет деп санайды. Естеріңізге сала кетейік, жуырда электр энергиясы нарығының проблемаларын талқылау барысында кәсіпкерлерге «Екібастұз ГРЭС-1-дің арзан электр энергиясына ГРЭС-2-нің анағұрлым қымбатын» таңып отыр деп электр энергетикалық холдингтің атына айыптаулар айтылған болатын. Оның үстіне, компания электр энергиясын тікелей өзі сатпай, жеке делдалдар – энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арқылы сатып отыр деп атап көрсетілді.

Делдалдар арқылы сатуға қатысты мынаны атап өту қажет: еліміздің барлық электр станциялары, өндірушілер ретінде, өздерінің электр энергиясын сату көлемін ұлғайтуға мүдделі. Екібастұз ГРЭС-1 мен ГРЭС-2 ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сай  тұтынушылардың бәріне де тең жағдай жасайды. Электр энергиясын жеткізу тұтынушымен тікелей жасалған шарт бойынша ма, әлде энергиямен жабдықтаушы ұйым арқылы іске асырылып жатыр ма, оған еш қатыссыз, станциялар көтерме нарық субъектілеріне бірдей қарайды. Көтерме нарық субъектілерінің бәрі де электр станцияларына келе алады, ал станциялар оларды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. 

Екібастұз ГРЭС-1 мен ГРЭС-2 ұлттық деңгейдегі маңызға ие станциялар. Олар бір тізбекте істей отырып электр энергиясын тұтынушыларға тұрақты жеткізіп береді. Одан тыс, екі станция шекаралас елдердің энергия жүйелерімен қатарласа жұмыс істей отырып, еліміздің энергия жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Расында да, Екібастұз ГРЭС-1 мен ГРЭС-2-нің заңнамаға сәйкес бекітілген шекті тарифтері әркелкі.  Бұл орайда, екі электр станциясына тең және кемсітпей қол жеткізілуін қамтамасыз ету үшін, яғни тұтынушылардың бірі ГРЭС-1-дің арзан электр энергиясын, ал екіншісі – ГРЭС-2-ден қымбатын алмауы үшін, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Екібастұз станцияларының электр энергиясын үшжақты шарт аясында бір орталықтан сату туралы шешім қабылданды. ҚР Кәсіпкерлік кодексіне толығымен сәйкес келетін бұл құжат қымбат және арзан электр энергиясын барлық тұтынушылар үшін тең мөлшерде бөліп-таратады.

Ия, Екібастұз ГРЭС-1-дің тарифі арзандау, дегенмен Екібастұз ГРЭС-2 станциясы Қазақстанға қажет екенін түсінген жөн. Ол күз-қыс маусымында Екібастұз ГРЭС-1-ге түсетін салмақ тым ауырлайтын кезде электр энергиясы тұрақты жеткізілуіне кепілдікті қамтамасыз етеді. Екібастұз ГРЭС-2-нің тоқтауы еліміздің халқы мен өнеркәсібі электр энергиясымен жабдықталуын бұзуға, сөйтіп Ресей Федерациясынан импортталатын қымбат электр энергиясын сатып алуға әкеп соқтыруы мүмкін. Жалғыз Екібастұз ГРЭС-1-дің жұмысы бүкіл Қазақстанға жеткіліксіз.  

Екібастұз ГРЭС-1 мен ГРЭС-2-нің бірлесіп жұмыс істеуі еліміздің энергия жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, 6000-дай адам тұратын кенттің де өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті дамыту және қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз ГРЭС-1-мен ГРЭС-2-ге қатысты ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабын бұзу, соның ішінде тұтынушыларға қосымша міндеттерді таңу белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізген болатын. Департаменттің 06.08.2020 жылғы бұйрықтарымен Екібастұз ГРЭС-1-мен ГРЭС-2-ге қатысты тергеп-тексеру бұзу фактілері болмағандықтан тоқтатылды. Атап айтқанда, Департамент Екібастұз ГРЭС-1-мен ГРЭС-2 ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 165-бабы негізінде тұлғалар тобы болып табылады және нарықтың біртұтас субъектісі ретінде қаралады, сондықтан бұл нарық субъектілері (тұлғалар тобы) бір-бірімен жарысқа түспейді, деп атап көрсетті. Осылайша, Екібастұз ГРЭС-1-мен ГРЭС-2-нің тұлғалар тобы құрамында электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі іс-әрекеті электр энергетикасы және бәсекелестік туралы заңдарды бұзбайды.

Самұрық-Энергоның құрамына сондай-ақ еліміздің тәуелсіздігі жылдарында алғашқы болып салынған электр станциясы – Мойнақ СЭС кіреді, ол Қазақстан бойынша ең жоғары жүктемені жабу үшін қуаттың тәулік ішінде және маусым кезінде реттелуін қамтамасыз етеді. Жаңа станцияда тарифтің жоғары болуын оған құйылған қаражаттың әлі қайтпағанымен түсіндіруге болады. Станцияның энергия жүйесі  үшін маңыздылығын ескере отырып, Самұрық-Энерго оның бір орталықтан жүктелуін қамтамасыз етеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here