Абай-175: Азбас, тозбас алтын көпір

0
434

Даналық пен даралық Гималайы, әлемнің аспандағы Күн мен Айы, Ұлылықтың үздік үлгісі, хакім Абай жайлы көп айтылып, көп жазылды, бұл үрдіс әлі де жалғаса бермек. Ол өте орынды. Біз Абайды әлемге таныту үшін алдымен өзіміз тануымыз керек.

Осы тұста ұлы Абай жайлы ұлағатты сөз, соны ой айтқан екі мақаланы ерекше атап айтамыз. Оның бірі – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күні кеше ел газеті «Егеменде» жарық көрген «Абай аманаты» атты толымды ой толғаған толғауы, тағы бірі бұдан біраз уақыт бұрын жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жыл келгендей жаңалық» (М.Әуезов) әкелген, жүректен шығып, жүрекке жеткен «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты кемел ойлы кемеңгерлік Сөзі! Бұлардың аты мақала болғанымен, заты үлкен монографияның жүгін еркін көтеруге аса бағалы еңбек. Бейнелеп айтсақ, барар жолымызға бағыт сілтеп тұрған бағдаршам, адастырмас ақ жұлдыз! Бақ жұлдызы!

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы «Алты алаштың абызы болып қана қоймай, адамзаттық асқарынан көрінген халқымыздың ең аяулы перзенті, дана ұстаз Абай ұлылығын терең ұғынуға септесетін, тебіренген текті ойларға толы аса толымды еңбек. Бұл Абай мен бүгінгі күнді жалғайтын азбас, тозбас алтын көпір!

«Байқауымша ұлылықты ұғыну бір бөлек те, онымен табысу және тоғысу, яғни түпсіз тереңіне бойлап, жеке болмысына жарату – өз алдына қатпары қырық қатпар құбылыс» деп жазды Нұрсұлтан Әбішұлы «Абай аманатында». Бұл Елбасының толымды ойларының кішкене ғана бір үзік үзіндісі. Осы шағын үзіндінің өзінен-ақ «Абай аманаты» арқалаған жүктің санаға құйылар сабат самалын, аса салиқалы ойын сезе беріңіз.

Даналық пен даралық Гималайы, әлемнің аспандағы Күн мен Айы жайлы толымды ой толғаған, әлемді жалт қаратар жаңа Сөз айтқан «Абай аманатын» қазақша Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тілінде жеке кітапша етіп шығарып, дүние жүзіне тарату керек!

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Абай аманаты» халықты «Нұрлы жолмен» «Мәңгілік елге бастайтын бағдаршам, адастырмас ақ жұлдыз!».

Сәбит ДОСАНОВ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here