Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

0
277
Егер Сіз волонтер немесе волонтерлік ұйым өкілі болсаңыз, онда Сіз Қазақстан Республикасы жариялаған «Жыл волонтеры» халықаралық конкурсына қатыса аласыз.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды.
Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды қолдауға бағытталған.
Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 26 қазанда басталды.
Егер аталмыш конкурс Сізді қызықтырса және конкурсқа қатысуды жоспарлайтын болсаңыз, келесі сілтеме арқылы өтініш жіберіп, qazvolunteer.kz интернет-платформасында волонтерлік қызмет туралы мәліметтерді толтыруыңыз керек: award.qazvolunteer.kz
Өтінімдер 2020 жылғы 15 қараша сағат 09: 00-ге дейін жалғасады.
Байқау шарттары туралы толық мәліметті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтынан алуға болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here