Әскери жоғары оқу орнының түлектері диплом алды

0
102

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Якубекұлы Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтында 111 түлек мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырды.

Жоғары оқу орны ҚР Қарулы Күштері үшін авиация мамандарын дайындайды. Төрт жыл бойы курсанттар әскери іс бойынша авиациялық мамандықтарды игерді. Ұшу практикасынан өтіп, авиатехниканы техникалық пайдалану дағдыларын алды. Қорғаныс министрінің бұйрығымен оларға офицерлер құрамының бірінші атағы – лейтенант шені берілді.

Бұл шығарылымдағы оқу үздігі жас лейтенант Аян Юрийге Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының орынбасары авиация генерал-майоры Тұралы Қойшықұлов қызыл диплом табыс етті.

1998 жылдан бастап әскери институт 2450-ден астам авиация мамандарын даярлады. Олар Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың авиациялық бөлімдері қатарында қызмет атқарады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here