Қарулы Күштерде оқу жылының қорытындысы шығарылады

0
146

​Қорғаныс ведомствосында өткен аппараттық кеңесте елімізде болып жатқан оқиғаларды ескере отырып, Қарулы Күштердің қызметіне түзетулер енгізілді.

​Қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес жаңа оқу жылына дайындық кезеңіне шетелдік іс-сапарларды барынша азайтуға, жиын, спорт және ойын-сауық іс-шараларын өткізуді шектеуге, ал кеңестер өткізу, қорытынды шығару үшін онлайн форматты, қашықтықтан жұмыс істеу тәртібін пайдалануға нұсқау берілді.

Дайындық кезеңі барысында қарашаның алғашқы онкүндігінде Қарулы Күштер түрлерінің барлық бас қолбасшылары бағынысты әскерлермен оқу жылындағы қызметінің қорытындыларын шығаруға және жауынгерлік сайыстың жеңімпаздарын анықтау үшін өз мамандықтарындағы үздік әскери қызметшілерді ұсынуы тиіс. Қарашаның екінші жартысында Қорғаныс министрлігінің алқа отырысын өткізу жоспарланып отыр. Онда әскердің тыныс – тіршілігінің негізгі мәселелері-жауынгерлік даярлық, әскери тәртіптің жай-күйі, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша қорытындылар шығарылатын болады.

Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау күні жариялануына байланысты жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, әскери бөлімдерде сайлау учаскелерін құру жоспарлануда. Барлық санаттағы әскери қызметшілермен сайлаудың мемлекетті одан әрі дамыту үшін маңызы туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Бұл ретте, жауынгерлік әзірлік пен әскери тәртіп деңгейін төмендетуге жол бермеуге назар аударылды.

Өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылықтар санының жалпы қысқаруына қарамастан, әскери қызметшілердің қызметтен тыс уақытта қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзу жағдайлары жалғасуда. Бұл барлық Отан қорғаушылардың беделіне көлеңке түсіреді. қорғаныс ведомствосының басшысы осындай фактілерді барынша азайту үшін барлық алдын алу іс-шараларын неғұрлым сапалы жүргізуге нұсқау берді. Бұл үшін әкімшілік және тәртіптік әдістерді ғана емес, сондай – ақ қоғамдық ықпал ету шараларын, офицерлік жиналыстардың жұмысын, әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне бару мен әңгімелесуді кеңінен қолдану қажет. Бұл бағытта ІІМ қызметкерлерімен бірлесіп, әскери қызметшілер тұратын жерлерде патрульдеу маңызды болуы тиіс. Мұнда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын да жүргізу қажет.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here