Аида Балаева: «Балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселлері қазақшаға аударылады»

0
185

Бүгін, 29 қазанда Ақордада өткен Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселлері қазақшаға аударылатынын айтты.

«Күні кеше Ұлттық сенім кеңесінің кезекті отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мектеп жасындағы балаларды кітап оқу әдетіне үйрету қажеттігін баса айтты. Сондықтан, біздің министрліктің бастамасымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қатысуымен балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселлерінің тізімі жасалып, ішкі қаржылық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, аударманың аудио электрондық нұсқасын жасау туралы шешім қабылданды. Алдағы уақытта оларды басып шығару мәселесі бойынша Білім және ғылым министрлігі өз үлесін қосады деген сенімдеміз», – деді Аида Ғалымқызы.

Министрдің айтуынша, бұл жұмыстардың барлығы – ел ішінде, әсіресе, балалар мен жастардың арасында рухани-адамгершілік тәрбие жүйесін жүзеге асырудың біртұтас жол картасын қалыптастырып, бірнеше мүдделі мемлекеттік органдардың атсалысуымен іске асыруды көздейді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here