Ғұсман Қырғызбаев әлемнің үздік ТОП-10 дзюдошыларының тізіміне енді  

0
172

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте (Венгрия) аяқталған «Үлкен Дулыға» турнир қорытындысы бойынша қалыптастырылған әлем дзюдошыларының жаңа рейтингін жаңартты. Жарысқа әлемнің 69 елінен 459 спортшы бақ сынасқан.

Сайыстың қорытындысы бойынша Армия орталық спорт клубының спортшысы ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтегі үздік дзюдошылардың жетінші қатарына енді. Оның есебінде 4080 ұпай бар.

 «Будапешттегі «Үлкен дулыға» сайысы, коронавирустық пандемиямен байланысты ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы маңызды турнир болды. Жарысқа қатысушылар құрамы өте білекті, әлемнің үздік балуандары қатысты. Осыған қарамастан, Гұсман жоғары нәтиже көрсетті. Енді бізді алдағы жарыстарға үздіксіз жаттығулар күтіп тұр», – деп өз ойымен бөлісті Армия орталық спорт клубының олимпиадалық спорт түрлері бойынша штаттық командаларды даярлау бөлімінің бастығы майор Анвар Үсенов.

Ғұсман Қырғызбаев – ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі, 2016 жылы Цюрихте (Швейцария) өткен CISM (Халықаралық әскери спорт кеңесі) әскери қызметшілері арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, 2018 жылы Агадирде (Марокко) өткен Гран-при кезеңінің және де 2019 жылы Абу-Дабиде (БАӘ) өткен «Үлкен Дулыға» (Grand-Slam) турнирінің чемпионы, өкілді халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here