Проректор ZOOM платформасында шетелдік студенттермен кездесті

0
185

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева ZOOM платформасында шетелдік студенттермен онлайн-кездесу өткізді.

Бүгінгі таңда ұстаздар ұстаханасында әлемнің 17 елінен 333 шетелдік азамат білім алуда. Онлайн-кездесу форматына коронавирустың салдарынан әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстанға келе алмаған шетелдік студенттер ерекше қызығушылық танытты.

Кездесу барысында білім беру процесінде қашықтықтан оқыту мәселелері, емтихандардың, оқу жеңілдіктерінің, диссертациялардың мерзімдері мен шарттары бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Белсенді пікірталас шетелдік талапкерлерді қызықтыратын негізгі мәселелер Қазақстан Республикасына кіруге, шекараны ашу мерзіміне байланысты екенін көрсетті. Оқу үрдісімен тікелей байланысты мәселелерден басқа, жаңадан келіп түскен шетелдік азаматтар көші-қон есебі және тұрғылықты жері бойынша тіркеу, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ-да ғана емес, Қазақстан Республикасында да мінез-құлық және болу ережелері бойынша жан-жақты ақпарат алды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here