Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жоспары бекітілді

0
196

Өткен аптада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры, академик Тілектес Есполов пен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысы Нығметжан Сапаров оқу орнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жоспарын бекітудің  екі жақты  қол қою рәсіміне қатысты. Бұл туралы ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге Республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы, университеттің Тәрбие департаменті мамандары, «Parasat» орталығы, «Sanaly urpaq» клубы, «ҚазҰАЗУ Еріктілер орталығы» мүшелері мен оқытушы-профессорлар қатысты.

Кездесу барысында университет басшысы Тілектес Есполов оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып отырған іс-шаралар туралы баяндады.

«Университет бүгінде жаңа ғылым мен озық білімнің нәтижесін өндіріске енгізумен қатар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша ауқымды шараларды тиімді жүзеге асыруда. Университет Академиялық Адалдық лигасының мүшесі. Барлық оқу бағдарламаларына «Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» пәні енгізілді. Университетте білімгерлер студенттік үйлерден орынды «Электронды студенттер үйі» порталы арқылы онлайн режимде алады. Бұл оқу орнындағы «ашықтықты» арттыруға ықпал жасайды. 2019 жылы 9 қарашада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Шпекбаев Алик Жатқамбайұлының қатысуымен оқу орнының бас ғимаратында білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Parasat» орталығы ашылды. Орталықтың жанында «Парасаттылық мектебі» де қызмет көрсетеді. Бұл мектептің теориялық-практикалық сабақтары жүйелі түрде жүргізіліп, білім алушыларды, кураторларды, профессорлық-оқытушылар құрамын және университеттің түрлі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін, сонымен қатар Алматы қаласы Медеу ауданының колледждері мен мектептерінің жетекші құрамын толықтай қамтиды», – деп атап өтті Тілектес Исабайұлы.

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here