Ұлы ұстаздың еңселі ескерткіші

0
262

Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы жазғандай, «Кел, балалар, оқылықпен» сауат ашқан тұтас ұрпақ Ыбырай Алтынсариннің нақты тұлғасын толық тани алмай келеді. Өкінішке қарай, алаштың архивтерге қамалып қалған талай ардақтылары қайтадан жарқ ете қалған кезде де Ыбырай Алтынсарин екінші қатарға ысырылғандай әсер қалдырды. Ал, артына өлмейтұғын мұра қалдырған ағартушыны елеусіз қалдыратындай жөніміз жоқ еді. Ендеше, алдағы 2021 жылы болатын ағартушының 180 жылдығына дайындықты биылғы жылдан бастау керектігін көктемде «Qazaq» газетінде жазған болатынбыз. Бүгін Қостанай қаласынан Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші қойылғаны жөнінде ақжолтай ақпарат жетті.

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы қарсаңында ашылған ескерткіш Алтынсарин-Толстой көшелерінің қиылысында орналасқан. Оның салынуына Қостанайдағы педагогтар мен еңбек ардагерлері, ыбырайтанушылар мұрындық болды. Салтанатты шараға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, педагогикалық еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері қатысты.

«Келесі жылы болатын айтулы жобалар бүгінгі шарадан бастау алады. Біз тек ескерткіш ашумен тоқтамаймыз. Қаладағы Алтынсарин көшесі толық жөндеуден өтеді. Оған қазынадан 900 млн теңге бөлінді. Бұл жұмыстар жалғаса береді», – деп атап өтті облыс басшысы.

Ескерткішті белгілі мүсінші Ж.Жұбанқосов пен ҚР Суретшілер одағының мүшесі Т. Ермеков бірлесе жасаған. Қола композициясының жалпы биіктігі – плинттің төменгі нүктесінен 2,6 метр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here